Атырау, 25 сәуір 19:15
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстан президентінің кіші немересі үйлену тойына дайындалып жатыр

7 132 просмотра

Айсұлтан Назарбаев. Фото yvision.kz сайтынан алынды.Айсұлтан Назарбаев. Фото yvision.kz сайтынан алынды.

Қазақстан президентінің кіші немересі Айсұлтан үйлену тойына дайындалып жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігіне Назарбаевтар отбасының достарынан белгілі болды.

«Айсұлтан үйленбекші. Құдалық болды. Тойға дайындалып жатыр. Келіннің есімін әзірге айтпаймыз, бірақ оның білімі мен тәрбиесі жақсы екенін айта аламыз», - деген отбасының достары, келіннің әкесіқ азақстан-ресейлік БК басқаратынын айтты.  

23 жасар Айсұлтан Назарбаев Ұлыбританияда Сандхерст  құрылық әскерлері корольдық әскери академиясын бітірген. Қазақстанға келген соң ол лейтенант атағымын ҚР қорғаныс министрлігінің әскери барлау жүйесінде қызмет атқарды. Англияда оқып жүріп Айсұлтан ағылшындардың футболдан жастар клубы «Портсмут» және «Челси» командаларында ойнап, ал елге келген соң, «Астана» клубының резерв құрамында болды. Еске салсақ, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үш қызы – Дариға, Динара және Әлия, үш немересі – Нұрәлі, Алтай және Айсұлтан, бес немере қыздары – Венера, Дениза, Әлиша, Тиара және Алсара, шөбере қызы - Лаура мен шөбере ұлы – Алан бар.

14 мамыр 2013, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.