Атырау, 20 сәуір 14:08
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Астанада 4 бойжеткен ер адамды соққыға жығып, пышақпен жаралаған

2 188 просмотра

«Алматы» аудандық ІІА-нің кезекші бөліміне 28 жастағы ер адам хабарласып, Бөгенбай батыр мен Жеңіс даңғылдарының қиылысында бейтаныс 4 бойжеткен оны соққыға жығып, пышақпен жаралағанын айтқан, деп хабарлайды Астана ІІД-нің баспасөз қызметі.

«Полиция қызметкерлерінің жедел-іздеу шараларын жүргізу барысында Ақмола облысының екі тұрғыны – 20 жастағы егіз апалы-сіңілілер және Солтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны – 20 және 21 жастағы екі бойжеткен ұсталды», – делінген хабарламада.

Тергеу барысында анықталғандай, сағат 23:00 шамасында автобус аялдамасында тұрған ер адамға 4 бойжеткен келіп, дөрекі түрде шылым сұрайды. Ер адам мен қыздардың арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласады да, бұзақы қыздардың бірі жігітке пышақ салады.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматшалар өз қылмыстарын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. 

Дереккөз: bnews.kz

14 мамыр 2013, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.