Атырау, 26 қараша 13:31
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​20 миллионыншы қазақстандықтарға құны 2 млн теңге болатын сертификаттар сыйға беріледі

860 просмотра

Қазақстанның 20 миллионыншы азаматы атанған балаларға не берілетінін ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев жергілікті атқарушы органдар балаларға ерекше үлгідегі туу туралы куәлігін беретінін қоса кетті.

"Отбасы банкі" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, банк әрқайсысына номиналды құны 2 млн теңге болатын сыйлық сертификаттарын сыйлайды. Бұл қаражат жеке баспана сатып алудың алғашқы қадамы болады", - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев.

Айта кетейік, Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев әкімшілік көздермен жасалатын интеграция және халықтың ай сайынғы өсуінің орташа қарқынын ескеріп, 20 миллионыншы азамат қараша айында болатыны анықталғанын айтты. 

Оның сөзінше, биыл 1 қарашада Бюро халық саны туралы мәліметтерді жариялады. Ол 1 қазандағы жағдай бойынша 19 967 964 адам болды, яғни 20 миллионға дейін 32 мыңнан астам адам жетпеді. 13 қарашадағы жағдай бойынша миллиондық көрсеткішке жету үшін 277 адам қалғаны анықталды. 

16 қараша 2023, 15:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.