2022 жылы Қорғаныс министрлігі Қазақстанның 70 жоғары оқу орнымен әскери қызметті өтегеннен кейін білім алу үшін тегін 3000 орын бөлу туралы келісімге қол қойды.
Атыраулық Алексей КАЛИНИН Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінен әскерге шақырылып, Қарағанды облысында мерзімді әскери борышын өтеген. Үйіне оралған соң ол «Әскери міндеттілер 2.0» бағдарламасы бойынша жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін пайдаланды.
Қазіргі уақытта Алексей Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенті. Ол бағдарлама бойынша емтихансыз және ҰБТ тапсырмай университетке түскен.
Жомарт ӘМІРХАНОВ