Атырау, 26 қараша 13:38
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау облысында дүниеге келген: Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны кім екені белгілі болды

1 139 просмотра

Бес бала Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғыны атанды, олардың бірі Атырау облысында дүниеге келген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

"14 қарашада Қазақстан Республикасының халық саны 20 миллион адамға жетті.

20 миллионыншы азаматтың туған күні барлық қолда бар демографиялық деректерді ескере отырып айқындалды: Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген және одан шыққан, туғандар мен қайтыс болғандардың саны.

Бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделетін және бұл көп уақытты қажет ететін. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы бұл процесті жеделдетуге және 20 миллионыншы азаматтың туған күнін жоғары дәлдікпен және қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік берді.

Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды.

Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар" делінген хабарламада. 

16 қараша 2023, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.