Атырау, 23 қараша 17:54
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ресейлік дизайнерлер Роза Рымбаеваға өзінен айнымайтын қуыршақты сыйға тартты

5 714 просмотра
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева атақты ресейлік дизайнерлерден күтпеген сыйлық алды.

Бұл туралы «Экспресс К» газеті жазып отыр.  

Роза Қуанышқызының күміс көмей дауысына, ажары мен сымбатына тәнті болған Василий Барбье мен Сергей Амельков оған өзінен айнымайтын қуыршақты сыйға тартты.

Бұған дейін продюсер әрі әнші Қыдырәлі Болманов Р. Рымбаеваға әншінің дәл көшірмесі болатын қуыршақты жасау туралы ұсыныс жасаған. Бірақ Р.Қуанышқызы өзінің тыңдармандары бұл істі қарапайымдылықтың белгісі ретінде қабылдамайды деп есептеп, ұсыныстан бас тартты.

Ал ресейлік дизайнерлер Василий Барбье мен Сергей Амельков әншінің келісімін тоспай-ақ, ол үшін бірегей авторлық қуыршақты жасап шығарды. Қуыршақтың көйлегі, шаш үлгісі әрі бояуы әншіге толығымен сәйкес келеді.

Дереккөз: inform.kz

14 мамыр 2013, 10:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.