Атырау, 11 қазан 16:07
 дождьВ Атырау +25.1
$ 453.93
€ 508.72
₽ 5.35

«Атырауоблгаз» ЖШС-не қатысты тергеп-тексеру басталды

1 223 рет қаралды

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті тауарлық газды бөлшек саудада сату қызметтері нарығында бәсекелестіктің жай-күйіне талдау және бағалау жүргізді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Талдау нәтижелері бойынша «Атырауоблгаз» ЖШС-нің іс-әрекеттерінде өнеркәсіптік тұтынушыларға тауарлық газды бөлшек саудада сату кезінде монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұру бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгісі анықталды.

Анықталған бұзушылық белгілері негізінде Департаментпен «Атырауоблгаз» ЖШС-не қатысты бәсекелестікті қорғау саласындағы ҚР заңнамасын бұзу белгілерін растайтын немесе жоққа шығаратын нақты деректерді анықтау үшін тергеп-тексеру басталды.

15 қараша 2023, 18:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.