Атырау, 27 желтоқсан 01:24
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

«СЕЛЬСТРОЙ» селк еткен күн

2 643 просмотра

С602 AB колонналарын жеткізу кезінде. 2013 жыл, 12 мамыр. Фото: www.anpz.kzС602 AB колонналарын жеткізу кезінде. 2013 жыл, 12 мамыр. Фото: www.anpz.kz12 мамыр күні таңда Азаттық көшесі бойындағы Сельстрой маңындағы үйлердің тұрғындары үлкен өнеркәсіптік модулдарды алып келген жүк автокөліктерінің дүрсілінен оянып кетті. Кейінен білгеніміздей, АМӨЗ-дегі хош иісті көмірсутек өндіру кешеніне (ХӨК) жаңа жабдықтар осылай жеткізіледі екен.

АМӨЗ баспасөз қызметі растағандай, зауытқа ірі көлемді және қосалқы жабдықтарды жеткізу басталған. Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары 17 құрылыс алаңдарында жүргізілуде. Естеріңізге салсақ, құрылысты қазақстандық қосалқы мердігерлерді қатыстыра отырып, қытайлық «Sinopec Engineering» компаниясы жүргізіп жатыр.

- 12 мамырда зауытқа әрқайсысы 292 тонна тартатын С602 А/В модулының екі колоннасы келді. Модулдерді ҚХР-дың Чжанцзяган компаниясы дайындаған. Жабдықтар Атырау өзен портына Шанхай портынан Мариуполь және Ақтау порттары арқылы жеткізілді. Колонналарды Атырау портынан зауытқа дейін тасымалдау 4 сағатқа созылды, - деп түсінік берді баспасөз қызметі. Осыншама үлкен көлемді жүкті жеткізу оңай болмады. Кей жерлерде ол биіктігінен жоғары вольтты желілерден өте алмады. Оқиға орнына шақыртылған «Атырау-Жарық» АҚ қызметкерлері кей жерлерде желілерді көтеріп, кей жерлерді кесуге тура келді. Ал колонналар өткесін кері жалғады. Модулдер екі қуаты күшті тартқышпен және бір жарты прицеп көмегімен, жол полициясы басқармасы қызметкерлерінің ілесе жол бастауымен жеткізілді. Тасымалдауға екі көлік экспедициясы мен «Сага Терминал Логистик» қосалқы мердігер ұйымы қатысты. Колонналарды құрастыру бойынша жұмыстар 20 мамырдан кейін басталады.

- Жақын әзірде АМӨЗ-ге тағы да екі колонна келеді, алайда олар бөлек-бөлек орналастырылған. Оларды құрылыс алаңдарында құрастырады, өйткені олардың тұтастай салмағы 12 мамырда келген жүктен көп үлкен. Қазақстандық компаниялар ауыр салмақты қиын жабдықтарды құрастыру бойынша жауапты жұмыстарға дайындалуда және бұл жұмыстар ҚР-ның қолданыстағы барлық нормативтік талаптарына сәйкес жүргізілетін болады, - деп хабарлады АМӨЗ баспасөз қызметі.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

14 мамыр 2013, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.