Атырау, 23 қараша 12:35
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанда паранжа киіп, сақал қойғандарға айыппұл салынады

656 просмотра
novosti.kg

Қырғызстанда қоғамдық орындарда азаматтардың жеке басын анықтауға мүмкіндік бермейтіндей бетін жауып тұратын киім киіп, көлемді сақал қойған азаматтарға заң бойынша айыппұл салу ұсынылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.

Мұндай киімді медициналық себептер бойынша киюге рұқсат етіледі және бұл талаптың уақытша еңбек немесе қызметпен айналысатын және дипломатиялық мәртебесі бар шетелдік азаматтарға қатысы жоқ.

Бетін толығымен жасыратын және азаматтарды анықтауға мүмкіндік бермейтін киім кигені үшін жеке тұлғаларға 20 есептік көрсеткіш (2000 сом) мөлшерінде айыппұл салынады немесе 30 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Бұзушылық қайталанған жағдайда 40 есептік көрсеткіш (4000 сом) көлемінде айыппұл салынады немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Қоғамдық орындарда азаматты анықтауға мүмкіндік бермейтін сақал қойғаны үшін 20 есептік көрсеткіш мөлшерінде (2000 сом) айыппұл салынады немесе 30 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады. Егер қайталанған жағдайда жеке тұлғаларға ең төменгі айлық жалақының 40 есептік көрсеткіш (4000 сом) мөлшерінде айыппұл салуға немесе 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға әкеп соғады.

15 қараша 2023, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.