Energy Monitor агенттігінің хабарлауынша, Атырау қаласының экологиялық ахуалына кері әсерін азайту мақсатында облыстық мәслихат депутаттары Атырау мұнай өңдеу зауытына:
оранжерея-лимонарий;
Атырау қаласында кем дегенде 2 футбол және 2 баскетбол алаңын салуды ұсынып отыр.
«Атырау қаласынан ауасы оттегіге бай фитонцидтердің мекеніне айналатын «оранжерея-лимонарий» салуды міндеттейміз. Бұл жүкті әйелдер мен зейнет жасындағы азаматтар, сауықтырылған азаматтар үшін, жалпы, кез келген қала тұрғыны таза ауамен тыныс алатын таптырмас орын болады. Оранжерея ауданы 10 мың шаршы метрден кем болмауы керек», - делінген депутаттардың Энергетика министріне, «ҚазМұнайГаз» және Атырау мұнай өңдеу зауытының басшыларына жолдаған үндеуінде.