Атырау, 26 қараша 13:57
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

2021 жылғы халық санағы: Атырау облысы тұрғындарының 83 пайызы айына 150 мың теңгеге дейінгі табыспен өмір сүреді

761 просмотра

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда 2021 жылғы ұлттық халық санағының нәтижелерін жариялауды жалғастыруда.

 Жақында халықтың тұрмыс деңгейі, негізгі және бірнеше күнкөріс көзі туралы мәліметтерді көрсететін «Қазақстан Республикасы тұрғындарының табысы және күнкөріс көздері» статистикалық жинағы жарық көрді. 

Жинақ материалдары бойынша Атырау облысының 673 601 тұрғынының кірістері былайша бөлінген: 

табысы жоқ – 38,8%;

10 мың теңгеге дейін – 2,7%;

10 001 – 50 000 теңге – 12,4 %;

50 001 – 100 000 теңге – 16,3 %;

100 001 – 150 000 теңге – 12,9 %;

150 001 – 200 000 теңге – 7 %;

200 001 – 250 000 теңге – 5,1 %;

250 001 – 300 000 теңге – 3,3 %;

300 001 – 500 000 теңге – 1,2 %;

500 001 – 1 000 000 теңге – 0,3 %;

1 000 000 теңгеден жоғары – 0,1%. 

Қала тұрғындарының арасында 361 адам 1 миллионнан астам теңге алатынын көрсетсе, ауылдық жерлерде мұндай адам бар болғаны 72 адам болған. 

Кіріс көздері бойынша төмендегіше бөлінеді:

отбасы мен достарының материалдық көмегі – 39,2%;

жалдамалы жұмыс (жалақы) – 38,5%;

зейнетақы – 6,9%;

үй жанындағы учаскеден немесе саяжайдан табыс – 1,8%;

әлеуметтік көмектің басқа түрлері – 0,7%;

мүліктен түсетін кірістер (жалдау, бағалы қағаздар, дивидендтер, пайыздар) – 0,6%;

шәкіртақы – 0,4%;

мүгедектік бойынша жәрдемақы – 0,3%;

декреттік жәрдемақы – 0,2%;

басқалары – 6%. 

Облыс тұрғындарының 90,8%-ы 1 ғана табыс көзі, 9%-ы екі табыс көзі, 0,2%-ы үш және одан да көп табыс көзі бар екенін көрсетті.

15 қараша 2023, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.