Атырау, 23 қараша 17:50
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақстанда виза беру мен оның жарамдылық мерзімдерін ұзарту және қысқартудың жаңа қағидалары қабылданды

5 223 просмотра

АСТАНА, 13 мам – Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда виза беру мен оның жарамдылық мерзімдерін ұзарту және қысқартудың жаңа қағидалары қабылданды, қағидалардың мәтіні республиканың Сыртқы істер министрілгінің ресми сайтында орналастырылған. 

«Қағидаларды әзірлеу кезінде әлемнің әртүрлі мемлекеттерінің визалық саясаты саласындағы тәжірибелері ескерілді. Қағидаларға алғашқы рет визалардың «көшіп келуге жатпайтын» және «көшіп келуге» арналған визаларың түрлері енгізілді. Көшіп келуге жатпайтын визалардың қатарына келесі санаттағы визалар жатады: дипломатиялық, қызметтік, инвесторлық, іскерлік, миссионерлік, туристік, жеке және транзиттік, ал көшіп келу визаларына – тұрақты тұруға, отбасын біріктіруге, білім алуға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, гуманитарлық және саяси уәждер бойынша Қазақстан Республикасында болуға арналған визалар», - делінген сыртқы саяси ведомствоның сайтында орналастырылған хабарламада.

Сондай-ақ, жаңа Қағидаларда визалардың жаңа белгілеу жүйесі енгізілді. Мысалыға, дипломатиялық виза «А1», «А2» және «А3» санаттарына, қызметтік - «В1», «В2» және «В3», инвесторлық - «С1» және «С2», іскерлік - «D1», «D2», «D3», «D4», «D5», «D6», «D7» және «D8» және т.б. бөлінеді.

«Айтып өтетін жәйт, жаңа Қағидаларды қабылдау бірінші кезекте шетелдік туристтердің, жеке және іскер тұлғалардың Қазақстанға келуіне қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған», -  деп атап көрсетілген хабарламада.

Қағидаларда бір, екі және үш мәртелік туристік визаларды әр келгенде Қазақстан аумағында 30 тәулікке дейін болу құқығымен 90 тәулікке дейінгі мерзімге беру қарастырылған.

Сонымен бірге, ҚР аумағына кәсіпкерлік қызметімен айналысу мақсатымен келетін шетелдіктерге Қағидаларға сәйкес «бизнес - иммигранттар» санатындағы визалар бір жылға дейін беріледі.

ҚР аумағында инвестиция құю қызметімен айналысатын шетелдіктерге бір мәртелік инвесторлық визалар 90 тәулікке дейін немесе ҚР-дың инвестиция жөніндегі уәкілетті органының қолдаухаты негізінде көп мәртелік инвесторлық визалар үш жылға дейін ресімделеді.

Әлемнің дамыған 48 елінің азаматтарына қазақстандық визаларды жеңілдетілген түрде беру тәртібі жаңа Қағидаларда да сақталды. Бұл тәртіп шетелдіктерге ҚР-дың қысқа мерзімді визаларын шақыру қағазынсыз (визалық қолдаусыз) алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Қағидаларда халықаралық өзара түсіністік қағидатын негізінде екі елдің азаматтарына ортақ және тең жағдай орнату мақсатында виза берудің басқа режимін енгізуге мүмкіндік беретін нормалар көзделген.

ҚР аумағында заңсыз кәсіпкерлікпен, еңбекпен және басқа қаржы төленетін қызметтермен айналысатын шетелдіктердің санын азайту мақсатында жаңа Қағидаларда шет азаматтарының тиісті санаттағы визалармен Қазақстанда болуына шектеулер қойылған.

Атап айтқанда, ҚР-ға конференцияға, симпозиумге, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысуға, сондай-ақ қысқа мерзімдік лекцияларды оқу, жоғарғы оқу орындарында сабақ жүргізу мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге «D1» беріледі. Бір, екі және үш мәртелік «D1» санатындағы визалар әр келгенде Қазақстан аумағында 30 тәулікке дейін болу құқығымен 90 тәулікке беріледі.

«D2» санатындағы визалар қысқа мерзімді іссапарға, жабдықты монтаждау және жөндеу қызметін көрсетуге, Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі оқуды қоспағанда, жастар, студенттік және мектептік алмасу бағдарламасына қатысу мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі. Мұндай визалар 180 тәуліктің ішінде әр келгенде Қазақстан аумағында 60 тәулікке дейін болу құқығымен бір жылға дейінгі мерзімге ресімделеді.

«D3» санатындағы визалар ҚР-ға гуманитарлық көмекті алып жүруге, келіссөздер жүргізу, келісімшарттар жасау, консультациялық немесе аудиторлық қызметтер көрсету мақсатымен бара жатқан шетелдіктерге беріледі. Мұндай визалар әр келгенде Қазақстан аумағында 30 тәулікке дейін болу құқығымен үш жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бірақ, аталған санаттағы визамен шетелдіктің Қазақстанда болу мерзімі 180 тәуліктің ішінде 60 тәуліктен аспауы қажет. 

Дереккөз: newskaz.kz

13 мамыр 2013, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.