Атырау, 26 қараша 13:58
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Имам Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫ: «Жиһадқа шақырған жоқпыз, қуанышымызды білдірдік»

Бейнежазба
1 158 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Әлеуметтік желіде Атырау мешітінің жамағаты имам Нұрсұлтан РЫСМАҒАНБЕТТІ бірауыздан «Аллаһу әкбар!» деп ұрандап қарсы алғаны туралы бейнежазба тарады. Бұған жұртшылықтың түрлі реакциясы назар аударуымызға себеп болды. 

Ашық дереккөздерден белгілі болғандай,  Н.Рысмағанбет Иордания Корольдігіндегі Ярмук университетінің түлегі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Нұр-Мүбәрәк» мешітінің ұстазы, танымал исламтанушы. 

«Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі хабарлағандай, имам Атырауда бір күн болып, бірнеше мешітті аралап, 5 мыңнан астам жамағатқа уағыз айтты. 

Облыстың бас имамы Алтынбек ҰТЫСХАНҰЛЫНЫҢ айтуынша, кездесу барысында Нұрсұлтан Ислам дінінің асыл құндылықтары, оның ішінде Мұхаммед пайғамбарға деген сүйіспеншілік, білімнің маңызы, жалпы қоғамға қалай пайдалы болу керек деген тұрғыда жан-жақты уағыз айтқан. 

«Қазір осы мәселе әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып жатыр. Өз атымнан айтарым, Нұрсұлтан ұстаз мешітке келгенде жамағат Алланы ұлықтап, тәкбір айтқан болатын. Бұл тәкбір бүгін ғана айтылып жатқан жоқ.

Бұрын адам қандай да бір жетістікке жетіп жатса, бір мешіт ашылса, біреуге Умра ретінде сыйлық берілсе, Алла ұлықталып, тәкбір айтылатын. Одан қала берді, тәкбір деген сөз – Алланы ұлықтау деген сөз. Сол кезде «Аллаһу әкбар» деген сөзді айтады. Бұл – «Алла ұлы» деген сөз. Қазақ халқы бата бергенде, соңында «Аллаһу әкбар» деп бетін сипайды.

Сондай-ақ сәбидің құлағына «Аллаһу әкбар» деп азан шақырып жатамыз, қаматын түсіреміз. 

Құрбан айтта, Ораза айтта Алланы ұлықтап, осындай тәкбір айтылады. Бұл қорқатын, үрейленетін дүние емес. Оның астарында ешбір саяси мәселе жоқ, жиһадпен байланыстырып, теріс мағына іздеудің қажеті жоқ», - деп түсіндірді имам Алтынбек Ұтысханұлы. - Айтылған уағыздардың барлығы, керісінше, жастарымыздың имандылығын, руханиятын көтереді. «Аллаһу әкбар» деген сөз - жамағаттың қуанышын, сезімін білдіруі. 

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден және «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметінен алынған бейнежазбалар

14 қараша 2023, 23:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.