Бұл күндері елордада дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Жарыстың екінші күні 73 келі, 81 келі салмақ дәрежесінде ерлер арасында және 57 келі, 63 келі және 70 келі салмақта әйелдер арасында мықтылар анықталды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Чемпионаттың екінші күнінде ерлер арасындағы бәсекеде Маңғыстау облысының екі спортшысы – Асқар Нарқұлов (73 келі) пен Мейірлан Максим (81 келі), әйелдер арасында – Ақтөбе облысының өкілі Бақыт Құсақбаева (57 келі), Атырау облысынан Эсмигүл Куюлова (63 келі) мен Алматы облысынан Екатерина Токарева (70 келі) өз санаттарында жеңімпаз атанды.
Турнир 15 қарашаға дейін жалғасады.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ