Атырау, 27 ақпан 13:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 501.75
€ 591.96
₽ 6.52

Тағы бір суицид әрекеті...

1 164 рет қаралды

2023 жылғы 13 қарашада сағат 15:00-де Атырау қаласындағы орталық көпірден белгісіз әйел адамның секіріп кеткені жөнінде хабарлама түсті. Шақырту орнына Атырау облысы ТЖД Жедел құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл жетті. 

Сағат 15:07 минутта құтқарушылардың жедел әрекетінің нәтижесінде суға батып бара жатқан 1999 ж.т. азаматша аман-есен құтқарылды. Әйел адамды жедел жәрдем көлігімен алып кетті. Қазіргі уақытта оның жағдайы бірқалыпты деп бағаланып отыр.

«Құтқару жұмыстарына ТЖД 3 құтқарушысы, 1 қайық жұмылдырылды», – деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 қараша 2023, 19:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.