Атырау, 26 қараша 15:51
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Істегі серіктестік: «Нұрбанк» АҚ-ның қаржылық қолдауымен «А-КурманҚұрылысГрупп» құрылыс компаниясы GURIEV ТК-ның құрылысын аяқтауда.

PR
909 просмотра

Жақында Атырау қаласында GURIEV атты символикалық атаумен жаңа ТК пайда болады. Нысанның құрылысымен «А-КурманҚұрылысГрупп» компаниясы айналысуда. Жоба Нұрбанктің қолдауымен жүзеге асты. Біз компания құрылтайшысы  Құрманғазы Алимовпен бұл кешеннің артықшылықтары, қала құрылысындағы трендтер және индустриядағы негізгі мәселелер туралы сұхбаттастық.

 – Құрманғазы Тұрсынбекұлы, «А-КурманҚұрылысГрупп» компаниясының алғашқы тасы қаланған жылға шегініп, аздап экскурс жасап көрсек. Жүзеге асқан алғашқы жоба қандай болып еді?

– «А-КурманҚұрылысГрупп» компаниясы тарихының ресми есебі 2008 жылдың 13 маусымнан бастап жүргізіледі. Компанияның алғашқы нысаны - Атырау қаласындағы «Жилгородок» шағын ауданында мемлекеттік тапсырыс бойынша салынған көпқабатты үй. Содан бері біз 1900-ден астам пәтер, 18 коммуналдық және әлеуметтік-мәдени нысандарды салып, пайдалануға бердік, өзіміздің өндірістік базамызды құрдық. Сондай-ақ, компанияның автокөлік құралдары мен арнайы құрылыс техникалары паркі бар.

- Сіздердің компанияларыңыздың географиясы қандай?

- Біздің жобаларымыздың басым бөлігі Атырау мен Атырау облысында орналасқан. Алайда, соңғы жылдары біз компаниямыздың географиясын кеңейттік және қазір Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарында мемлекеттік тапсырыс бойынша көпқабатты үйлер салумен айналысамыз. Сондай-ақ, біз жеке тұрғын үй құрылысы нарығына шығып, Қазақстанның түрлі қалаларында тұрғын үйлер салуды жоспарлап отырмыз.

- Бүгінгі күні компанияларыңызда қанша адам еңбек етеді?

- Қазіргі уақытта бізде 100-ден астам адам жұмыс істейді. Бізде құрылыс жөніндегі бас инженерлер, құрылыс және монтаждау жұмыстарының шеберлері, прорабтар, электромонтерлер, тас қалаушылар, бетоншылар, суретшілер, ағаш ұсталары, өндірістік-техникалық бөлімнің инженері, сантехниктер, слесарлар, дәнекерлеушілер, мұнара кранының операторы, бетон сорғысының операторы, жүргізушілер, техниктер және басқа жоғары дәрежелі мамандар еңбек етеді.

 - Компанияларыңыздың артықшылығы - өзінің өндірістік базасының болуы. Осы нысандарда қандай материалдар өндіріледі?

- Қазақстанның құрылыс нарығында біздің компания әртүрлі маркалы бетондар шығаратын өз базасының болуымен ерекшеленеді.

Бүгінгі таңда биік үйлер темірбетон конструкцияларынан тұрғызылғандықтан, бетон құрылыста ең жоғарғы сұраныстағы материал болып табылады. Сонымен қатар, Атырау облысында инертті құрылыс материалдары (құм, гранитті қиыршық тас, керамзит) өндірілмейді және бізге құрылыс және құрғақ қоспаларды дайындау үшін шикізатты басқа облыстардан немесе шетелден әкелуге тура келеді. Бұл өз кезегінде объектілерді салу құны мен мерзіміне әсер етеді. Құрылыс материалдарының тапшылығы мәселесін шешу үшін біз бетонды өз күшімізбен шығара бастадық.

Сондай-ақ, құрылыс нарығында Қазақстандағы нысандардың жартысын салуда пайдаланылатын газ блоктарын жеткізуде тапшылық орын алған. Ол біздің аймаққа Иран мен Ресейден әкелінеді. Газ блогының тапшылығы мәселесін жылына 70 000 текше метр таза өнім өндіретін өз кәсіпорынды салу арқылы шешуге талпынып отырмыз.

- «Гранд Атырау» тұрғын үй кешені компанияларыңыздың сәулет өнерінің тәжі болып саналады. Бұл жобаны салу кезінде қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

- «Гранд Атырау» ТК қаланың сәулеттік көрікті жерлерінің тізіміне кіреді. Нысан өзінің үйлесімді сәулетімен және талғампаз пропорцияларымен таң қалдырады. Тұрғын үй кешенінің ерекше сүйкімділігі – Жайық өзенінің көркем жағасында орналасуында. Алайда, өзенге жақын орналасуы бұл құрылыстың барысында көптеген қиындықтарға соқтырды: іргетас құю үшін шұңқыр қазу кезінде жер асты суларының мәселелерін шешуге және ғимараттардың негізін нығайтуға қосымша күш салуға тура келді. Бірақ біз бұл қиын тапсырманы абыроймен орындап шықтық.

- GURIEV ТК жобасы туралы айтып беріңізші.

– GURIEV көп функционалды ТК 11 бес қабатты көппәтерлі үйлерден тұрады. Алғашқы алты үй осы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. GURIEV тұрғынүй кешенінің әлеуметтік маңыздылығы – халық қол жетімді бағада сапалы тұрғынүй сатып ала алады.

ТК аумағында балаларға арналған және спорт алаңдары, жасыл желекті жеке саябақ қарастырылған. Жаңа саябақ бүкіл шағын аудан тұрғындары үшін сыйлық болады. Сонымен қатар, аумақ біздің аймақты бейнелейтін сәндік сәулет құрылымдарымен безендіріледі.

- Жобаны қаржыландыру көздері туралы айтып беріңізші?

- GURIEV ТК құрылысының бастапқы кезеңінде компанияның өз қаражаты пайдаланылды. Жобаны іске асыру барысында қосымша қаржыландыруды тарту қажеттілігі туындады және біз қаланың барлық банктеріне жүгіндік. Нұрбанк бізге көмек қолын созған және GURIEV ТК құрылыс жұмыстарын аяқтауға кредит беруге келіскен екінші деңгейдегі банктер арасындағы жалғыз қаржы институты болды. Алынған қаражаттың арқасында өз жобамызды аяқтауға және қала тұрғындарына қолжетімді бағамен сапалы тұрғын үй ұсынуға мүмкіндігіміз бар екенін атап өткім келеді.

- Нұрбанкпен ынтымақтастық туралы толығырақ айтып беріңізші. Несиені рәсімдеу қаншалықты оңай болды?

- Біз Нұрбанкпен 2022 жылдың сәуір айынан бастап ынтымақтаса жұмыс істеп келеміз. Банк менеджерлері құжаттарды жинау және кредит желісін ашу кезінде жан-жақты көмек көрсетті. Бұдан басқа, қызмет көрсету және жәрдемдесу деңгейін атап өткім келеді – бөлімше басшысы, жауапты менеджерлер туындайтын мәселелер, оның ішінде қажетті қағаздарды ресімдеу бойынша әрқашан барынша сауатты және жедел кеңес беріп отырды.. Болашақ жобалар үшін серіктес таңдау біз үшін айқын – біз сенімді және тұрақты серіктес – Нұрбанкпен ынтымақтастықты жалғастыра беруді жоспарлап отырмыз.

 

«Нұрбанк» АҚ-ның ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензиясы бар.

 

13 қараша 2023, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.