Олег Хабалов. Кеңес заманында көрермендер ықыласына бөленген «Будулайдың оралуы» атты фильміне түскен Олег Хабаловты бүгін ақтық сапарға шығарып салады, деп хабарлайды РИА Новости агенттігі.
81 жастағы «Ромен» сыған театрының режиссері әрі актері Олег Хабалов 11 мамыр күні Мәскеуде қайтыс болған.
Олег Хабаловпен қоштасу рәсімі бүгін сығандардың «Ромэн» театрында өтпек, деп хабарланған жазбада.
Олег Тимофеевич (Александр Татарканович) Хабалов 1933 жылы 21 сәуірде дүниеге келген. ГИТИС-тің режиссерлік факультетін бітірген.
Олег Хабалов «Ромен» сыған театрында көптеген спектаклдерді сахналаған.
Ол кеңес заманында «Табор уходит в небо», «Визит к минотавру», «Цыган» және «Возвращение Будулая» атты фильмдеріндегі рөлдерде ойнаған. 35 фильмге түскен.
Дереккөз: bnews.kz