Атырау, 23 қараша 12:24
 ашықВ Атырау +2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Францияда өткен антисемитизмге қарсылық шеруіне 200 мыңнан астам адам қатысқан

629 просмотра

Францияда антисемитизмге қарсы 200 мыңға жуық адам шеруге шыққан. Франция ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Парижде 100 мыңнан астам акцияға қатысқан. Мұны Азаттық радиосы Le Parisien басылымына сілтеме жасап хабарлады.

Шеруге француз сенатының басшысы Жерар Ларше мен ұлттық ассамблея спикері Яэль Браун-Пиве шақырған.

Париждегі шеруге Францияның премьер-министрі Элизабет Борн мен Францияның бұрынғы президенттері Франсуа Олланд және Николя Саркози шыққан. Қазіргі президенті Эммануэль Макрон акцияға қатыспаған.

Ұйымдастырушылар қандай да бір ұлттық ту көтермей, "антисемитизмге қарсы республика" ұранына бірігуге шақырған, бірақ шеру кезінде Франция мен Израиль туын көтергендер байқалған.

Le Parisien жазуына қарағанда, шеруге радикалды солшыл оппозициядан өзге саяси партиялар түгелге жуық қатысқан.

Бұл шеру Израиль әскерінің Газа секторындағы ХАМАС тобына жауап шабуылы кезінде болып отыр. ХАМАС Израильге 7 қазанда шабуыл жасап, 1200-ден астам өлген, 240 адам Газада кепілдікте отыр.

Палестинашыл белсенділер Израильді "қатыгездік көрсетті, Газадағы бейбіт палестиналықтарды өлтірді" деп айыптайды. Газа денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметіне қарағанда, Израиль әскерінің шабуылынан 11 мыңнан астам адам өлген, оның төт жарым мыңнан астамы балалар.

Кейінгі кезде Еуропада антисемитизм күшейіп, Францияда бір ай ішінде еврейлерге 1200-ден астам қарсылық білдірілген. Қазан айында Франция билігі қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатымен палестиналықтарды қолдау акциясын өткізуге тыйым салған, алайда оған қарамастан кей орындарда наразылық іс-шаралары өтіп жатыр.

13 қараша 2023, 13:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.