Атырау, 26 қараша 15:50
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Атырау облысында су арналарының құрылысы қайта жанданды

785 просмотра
Видеодан алынған скриншот

Атырау облысында су арналарының құрылысы қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24». Мұнда көлемі ауқымды жоба қолға алынды. 

Облыста 15 канал болса, оның 4-еуі Индер ауданының аумағында орналасқан. Қазір 3 арнаны тереңдету жұмыстары жүріп жатыр. 

Солардың бірі – «Қурайлысай» каналы. Оның ұзындығы – 53 шақырым. Аталған су арнасының бойында 12 шаруашылық бар екен. Оларға қажетті су қорын жинақтау үшін канал бойынан 5 котлован жасақталуы тиіс. Оның 3-еуі жаңадан және бұрынғы 2 котлован қалпына келтіріледі. Жоба бойынша құрылыс 2025 жылы аяқталады.       

Досымбек ЖАНДАРОВ, мердігер мекеме өкілі

- Жалпы каналдың тереңдігі 1,5 метр ғой, котловандар канал табынынан 2 метр төмен болады. Су деңгейінен 3 метрдің шамасында. Котловандардың ені 60 метр, ұзындығы 200 метр болады. Судың сыйымдылығы 30 мың текше метрдей. «Бағырлай» мен «Қурайлысай» каналдарының құрылысы уақытылы аяқталса, 30-ға тарта шаруашылықпен қоса көршілес Мақат, Махамбет аудандары да иігілігін көреді. Әр каналдың құрылысына 1,1 млрд теңгеден астам қаражат жергілікті бюджеттен бөлініп отыр. Сондықтан әрбір тиынның мақсатты жұмсалуына жергілікті билік мүдделі. Себебі осыдан 3 жыл бұрын күрделі жөндеуден өткізілген «Алғабас-Жорық» каналы құрылысынан көптеген кемшіліктер анықталып отыр. 

Дарын ШАМҰРАТОВ, Индер ауданының әкімі: 

- Бұл 65 шақырымды құрайтын каналдың соңғы бөлігіне судың жетпеуі, бұрынғы қазылған жерлердің қайтадан опырылып құлауы 7 котлованның бойындағы тұрбалардан су өтпей, бітелуі сияқты кейбір мәселелер айқындалып, биыл сметалық жұмыстарын бастадық. Қазір Индер ауданы бойынша 3 каналдың құрылысы қатар қолға алынды. Олар 2025 жылға дейін пайдалануға берілуі тиіс. Атырау облысында 10 мың гектардан астам егіс алқабы болса, оларды суландыруға арналған осындай 15 канал бар. Оның 7-еуі соңғы 2 жылда жөндеуден өтіп, қазір алтауының жұмысы жүріп жатыр. Осы каналдар іске қосылса, оның бойында бірнеше шаруашылық құрылады деп жоспарланып отыр. 

13 қараша 2023, 11:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.