Атырау, 20 наурыз 15:21
 ашықВ Атырау +9
$ 460.79
€ 490.51
₽ 6.02

Пәкістанның көршілері сайлаудың нәтижесін оң қабылдады

1 311 просмотра
Наваз Шариф.Наваз Шариф.АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Пәкістанның көшбасшы көрші мемлекеттері Исламабадтағы жаңа үкіметке сенім артатындарын білдіріп отыр. Билік басына «Мұсылман лигасының» көшбасшысы Наваз Шариф келуі ықтимал.

Бюллетеньдердің бір бөлігін есептеу қорытындысы және экзит-поллдың ақпарына сәйкес Шарифтың партиясы айтарлықтай дауысқа ие болған, олардың бірпартиялы кабинет қалыптастыруға мүмкіндігі мол. Үндістанның премьер-министрі Манмохан Сингхтің мәлімдеуінше, Шариф «айқын басымдықпен жеңіске жетті». Ол өз сөзінде пәкістан-үнді қарым-қатынасының жаңа бағыты қалыптасатынына үміт артатынын айтып, «Мұсылман лигасының» көшбасшысына Үндістанға сапар жасауды ұсынды.   

Ауғанстан президенті Хамид Карзай лаңкестер жасырынатын баспанасын жою бағытында Пәкістанмен ынтымақтастық орнайтынына өз үмітін білдірді. АҚШ президенті Барак Обама пәкістандық сайлауды елдің демократиялық дамуындағы тарихи кезеңге балады.

Дереккөз: inform.kz

13 мамыр 2013, 10:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.