Атырау, 26 қараша 15:51
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Еркінқала-2, Тасқала-2 ауылдарында келер жылы мектеп ашылады

776 просмотра

Атырау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысы негізінде Атырау қаласындағы Еркінқала-2 және Тасқала-2 ауылдарында 600 орындық мектептердің құрылысы жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

«ТаразҚұрылысИнвест» ЖШС мердігерлігімен өткен жылдың шілде айында басталған білім ордаларының құрылыс жұмыстарын 2024 жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Н.Құсайыновтың айтуынша, Еркінқала-2 ауылындағы нысанның авторлық қадағалау жұмыстары «Эдем Строй» ЖШС-не, техникалық бақылау «Нұрәлем Құрылыс» ЖШС-не тапсырылған. Мектеп құрылысының жалпы ауданы 10 301,62 шаршы метрді құрайды.

- Еркінқала-2 ауылындағы ғимарат үш қабаттан тұрады. Бірінші қабатында бастауыш сыныптардың оқу блогы, ал екінші және үшінші қабаттарда жоғары сыныптардың оқу бөлмелері болады. Кабинеттер оқу құралдарын сақтауға арналған сөрелер секциясымен, функционалдық қажетті жиһазбен және жабдықтармен, кішірейтілген экрандармен жабдықталады. Зертханалық және шығармашылық сабақтар үшін де арнайы кабинеттер және мультимедиялық сыныптар ұйымдастырылған. Нысанда жоғары және кіші сыныптарға арналған кітапханалар мен 210 орындық асхана, екі спорт залы және 130 орындық акт зал қарастарылған, - деді Н.Құсайынов.

Сондай-ақ басқарма басшысы жалпы ауданы 8 478 шаршы метр болатын Тасқала-2 ауылындағы мектеп құрылысы да жоспарлы жүріп жатырғанын жеткізді.

-  Бұл жұмыс жобасында да екі спорт залы қарастырылған және 18 орындық оқу залы бар кітапхана, медиатека бар. Бүгінде асхананы жабдықтау үшін заманауи технологиялық жабдықтар, оның ішінде электр қуатымен жұмыс істейтін жылу жабдықтары пайдаланылады. Сонымен қатар акт залы 200 орындық сыйымдылықпен жобалануда. Мектеп компьютерлік сыныптармен жабдықталмақ. Нысанды авторлық бақылау «Qenes engineering» ЖШС-не, техникалық қадағалау «KZ Стройэксперт» ЖШС-не міндеттелді, - деді Н.Құсайынов.

13 қараша 2023, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.