Атырау, 13 қазан 05:42
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

KazSat-2 жерсерігі өз қуаттылығының 70 % дейін жүктеледі - Қазғарыш басшысы

2 039 просмотра

АСТАНА, 13 мам – Қазақстан жаңалықтары АА.  Ағымдағы жылдың соңына дейін телевизиялық хабар тарату және мәліметтер жіберуді қамтамасыз ететін KazSat-2 жерсерігінің қуаттылықтары 70 %-ға дейін жүктеледі, деп хабарлады Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында. 

 KazSat-2 штаттық режімде жұмыс жасайды, оның жүктеулігі  шамамен 64%-ды құрайды, жылдың соңына қарай жерсерігінің шамамен 70% жүктеулігіне жетуін жоспарладық», - деді Т.Мұсабаев.

Сонымен қатар, ол жерсерігінің толық емес жүктеулігі телекоммуникациялық компаниялары өз кезегінде KazSat-1 істен шыққан кезде спутниктік қызметтер ұсынатын шетелдік компаниялар ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасқанына байланысты екенін атап өтті. 

 Осылайша, 2012 жылы жерсерігінің жүктеулігі 56%-дан асқан жоқ.

Айта кету керек, жұмыс жасап тұрған KazSat-2 жерсерігі Қазақстан, Орталық Азия елдері және Ресейдің орталық бөліктері аумағында  KazSat  спутниктік байланыс жүйесінде телевизиялық хабар тарату және мәліметтер жіберуді қамтамасыз ету үшін, сонымен қатар спутниктік байланыстың қазақстандық операторларының сұранысын қанағаттандыру үшін арналған.

Өз алдына спутниктік ресурсты жалдау бойынша қызметтер Қазақстанның 9 байланыс операторына ұсынылады және аталған бағыттағы жұмыс жалғасады. 

Дереккөз: newskaz.kz

13 мамыр 2013, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.