Жер қатынастары саласында алаяқтық жасады деген күдікке ілінген Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев тергек изоляторына қамалды, деп хабарлайды Orda.kz.
Атыраудың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы таңдалды - ол тергеу изоляторына қамалды.
«Атырау қаласының мамандандырылған тергеу сотының 11 қарашадағы қаулысымен Қайрат Оразбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды», - деп хабарлады сот.