ALASHAINASY.KZ. «Марс» операциясы: Қазақ білмейтін құпиялар»- «Правда» газетінің әскери тілшісі Илья Эренбургтан: «Төрт жыл соғыстың қай шайқасы есіңізде өшпестей болып қалды?» – дегенде, ол «Ржев» деп жауап беріпті. Бұл айнымас ақиқат еді. Өйткені Ржев түбіндегі «Марс» деген кодты атауы бар әскери шайқастар ұзақ уақыт құпия сақталды.
AIKYN.KZ. «Жылқы да – саясат» - Жақында Түрiкменстан президенті Бердімұхаммет Гурбангулының аламан бәйгеде бірінші болып келе жатқан ақалтеке арғымағынан омақаса құлағаны әлемдік ақпарат құралдарына біраз жыр болды. «Жақсының аттан құлағаны да – жақсы», арғымағын аспанға шапшытқан Бердімұхаммет ат құлағында ойнап өскен текті елдің басшысы екенін құлап жатып та танытты.
«Жемқорлықпен күрес жаңа сатыға көтерілмек» - Бүгінде, Қазақстан көшбасшысының қойған міндетіне сәйкес, «Нұр Отанның» Парламенттегі депутаттары, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен бірлесіп, «Коррупцияға қарсы тұру туралы» жаңа тұрпатты заңның жобасын пысықтауда. Бұл жоба елді елең еткізерлік жаңалықтарға толы
AZATTYQ.ORG. «Кандидат халыққа жаға ма, Хаменеиге жаға ма?» - Иранда маусымның 14-інде өтетін президент сайлауына кандидаттарды тіркеу жалғасып жатыр. Сарапшылар ақтық шешімді айтатын рухани жетекші аятолла Хаменеи кімді қолдауы мүмкін деп бал ашады.
«Зейнетақы аннуитетінің қыр-сыры» - Зейнетақы реформасының авторлары зейнетке ертерек шығу жолы ретінде ұсынған зейнетақы аннуитетін сарапшылар «шартты зейнетақы» деп бағалайды. Азаттық тілшісі аннуитеттік зейнетақының қыр-сырына үңіліп көрді.
JAQSY.KZ. «Ырысбек ЖАНТӨРЕ. Кашпировский және қайғы-қасірет» - Кашпировский келді деген сөз - қасірет келді деген сөз. Білгіштікпен айтылған пікір емес, расы сол. Мың пікірден, бір факті артық десеңіз, бұл "емшінің" залалы тиген талай жанның дерегін табасыз.
ABAI.KZ. «Шәріпхан Қайсар. Дулат ағаның айналасында кімдер отыр?» - Қаламгер Дулат аға Исабекке бүкіл Алаш жұрты дән риза. Орнынан суырылып тұрды да, Елбасының тіке өзіне қандастарының мәселесін төтесінен айтты да салды. Жүрегінің ауырғаны соншалық, ҚАЗАҚ деген сөзге келгенде дауысы тым қатқыл шықты. Ешкім оның шапанын шешіп алған жоқ.
NAMYS.KZ. «Сәкен Алдашбаев. Ақсақалдар ата жарыстырып жүр» - Қандай да бір құдайы жолы, той-томалақ секілді жиындарға бара қалсаңыз жинала қалған қара сақала, ақ сақалдарымыз жастарға үлгі өнеге боларлық шариғаттан, тағлым алар пайғамбар өнегесінен не болмаса дін ғұламаларының, батыр да ақын ата-бабаларымыздың тұлғалықтарын айта қоймайды.
24.KZ. «Түркия Башар Асад билігіне қарсы шығуға шақырды» - Сирияда қарулы қақтығыс тыйылар емес. Керісінше, оппозиция күштері мен үкімет әскері арасында қанды қырғын күннен-күнге ушығып барады.
ZHASALASH.KZ. «Ақтөбе «лаңкес аулау» жоспарын орындаудан алда тұр» - Ақтөбе облыстық апелляциялық сотының судьясы Нұрила Сатыбалдина терроризмдi насихаттағаны үшiн сотталған 3 жас жiгiттiң арызын 3 мамырда қарап, шешiмдi өзгерiссiз қалдырды. Биылғы жылдың 19 қаңтарында Ақтөбе қалалық соты “Вимпекс” арақ зауытын жармақшы болды, топ құрып терроризмдi насихаттады деген айыппен үш ақтөбелiк жасқа үкiм шығарды. Аслан Жақаев (18 жаста) пен Нұрсұлтан Теңiзбаев (17 жаста) 5 жылға, ал Саламат Ахет (17 жаста) 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Сот процестерiнде кiнәлары толық дәлелденген жоқ, қылмыс құрамы анықталмады. Барлық айғақ – ортақ таныстары Асхат Сәкеновтiң үйiнде жайылған дастарқан басындағы жихад туралы көпiрме сөз.
MUSLIM.KZ. «Ыстамбұлда әлемдегі ең ірі Пайғамбар мұражайы ашылмақ» - 2016 жылы Түркияның Ыстамбұл қаласында Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мұражайы ашылмақ. Бұл мұражай «алтын ғасыр» (Пайғамбарымыз бен әділетті төрт халифаның дәуірі) мен бүгінгі заманның арасын қосып тұратын көпір болуы тиіс деп есептейді мұражайдың негізін қалаушылар.
SERKE.ORG. «Әміржан Қосановты машина қағып кетті» - Оппозицияшыл саясаткер Әміржан Қосановты Алматы қаласындағы Асқаров көшесінде машина қағып кетті. Қатты соққыдан оның бірнеше жері жарақаттанған, оң аяғы сынған. Қазір ол Президент істері жөніндегі медицина орталығында емделіп жатыр.
«Барыс» пен «Металлург» хоккейшілері төбелесті (видео) - Ресейдің Новокузнецк қаласында өтіп жатқан жарыс кезінде қазақстандық «Барыс -2002» командасы мен «Металлург-2002» командасының жас хоккейшілері төбелесіп қалды. Командалардың атында көрсетілгендей оларды бәрі 2002 жылы туылған балалар. Төбелесушілерді төреші ажырата алмады, төбелес ұзаққа созылды.
ULT.KZ. «Бас мүфти мен Талғат Бигелдиновтың эксклюзивті сұхбаты» - «Менің әжем 101 жыл өмір сүрді. Бала кезімде маған бір дұға үйретті. Оны әрдайым ұшақта айтатынмын. Қазір де аузымнан тастамаймын. Осы дұғаны айтқанан кейін жігерленіп кетемін. Соғыстан аман қалуыма әжем үйреткен дұғаның әсері болды деп ойлаймын», – деді Талғат Бигелдинов Бас мүфтимен жылы жүздесуде.
«Тарих тозаңындағы әлем» - Адамзат баласының өткен-кеткен күндеріне ой арқылы сапар шегіп, тарихтың өлі жанарына үңілуге құмар отандастарымның «Катынь» кинофильмін көрмеуі мүмкін емес деп ойлаймын. Сексеннің сеңгіріне шыққан Польша кинематографының классигі есептелетін Анджей Вайда бұл кинолентаға Екінші дүниежүзілік соғыстан поляк халқының тартқан зардабы мен зарын, мұңы мен мұқтажын шебер қашаған екен. Кинофильмнің өн-бойынан Польшаның сол кездегі ауасына сіңіп қалған зұлымдық пен сатқындықтың, менменшіл мүдделер тудырған баянсыз саясаттың иісі аңқып тұрады.
NUR.KZ. «Дариға Назарбаева президент болғысы келмейтінін мәлімдеді» - Тілші сұхбаттасынан нақты жауап алу үшін "Сіз өзіңізді келесі президент ретінде елестетесіз бе? Ал егер халық қалап жатса ше?" деген сұрақ қояды. Дариға Назарбаева "Жоқ. Мен өзімнің осы қалпымда бақыттымын. Ол - өте қиын жұмыс. Сүйікті істеріме уақытым болмай кетеді ғой" деп жауап берген.