Атырау, 23 қараша 08:40
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ округінің шерифі Царнаевтың жерленуін заңды деп таныды

1 646 просмотра
Тамерлан Царнаев жасырын түрде жерленген Вирджиния штаты Кэролайн округінің шерифі лаңкестікке күдіктіні жерлеуге арналған құжаттардан ешбір кінәрат табылмағандығын мәлім етті.

Бұл туралы CNN телеарнасына сілтеме жасап Ресей Жаңалықтар агенттігі хабарлады.

«Өкінішке қарай, енді біз бұл қайғылы оқиғаға, лаңкестікке күдіктілердің бірі жерленген жер ретінде мәңгілікке байланыстымыз», - деді шериф Тони Липпа.

Оның айтуынша, олар қаланың мэрімен бірге Царнаевты жерлеуге арналған құжаттарды жіті оқып шыққан және олардан ешбір бұзушылықты таппады. Онымен бірге, бұған дейін хабарланғандай, барлық қажетті рәсімдер сақталған жағдайда жергілікті билікті жерлеу туралы ескерту міндетті емес.

Бостондағы лаңкестікті жасады деген күдік тағылған Т.Царнаевтың денесін Массачусетстің, сондай-ақ бірқатар өзге штаттардың зираттары қабылдаудан бас тартты. Бірақ, бейсенбіге қараған түні Т.Царнаевтың мәйті Кэролайн округінің Досуэлл қаласындағы мұсылман зиратында жасырын түрде жер қойнына тапсырылды. Бұл, жерлеу құжаттары заңсыз деп танылған жағдайда мәйтті қайта жерлеу мүмкіндігін қарастырып отырған жергілікті билік үшін күтпеген жағдай болды.

Еске салайық, 15 сәуір күні Бостонда өткен халықаралық марафон кезіндегі жарылыстардан үш адам мерт болып, 250-ден астамы зардап шекті. Көз жұмған Тамерлан Царнаевтан бөлек лаңкестік актіні ұйымдастыруда оның інісі Джохар Царнаев айыпталуда. Қазір ол полицияның қолында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 мамыр 2013, 09:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.