Атырау, 26 қараша 15:38
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Eolus» компаниясының атымен құрылған қаржы пирамидасы басшыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр

657 просмотра

Еліміздің 10 өңірінде «Eolus» компаниясының атымен құрылғанқаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Қаржы мониторингі агенттігі. 

Істер Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелді.

«Eolus» компаниясының шын мәнінде жұмыс істейтінің дәлелі ретінде, ұйымдастырушылар «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС бір азаматтың атына тіркеу арқылы оны өздерінің  қылмыстық іс-әрекетіне тартқан.

Салымшылар қаражатты инвестициялау кезінде ақшаны алу үшін қажетті соманы жинақтай отырып, күн сайын 2,5-тен 3,5% - ға дейін пайда алады.

Жаңа пайдаланушы тартылған кезде салым сомасының 10% мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы, сондай-ақ жаңа пайдаланушының жыл ішіндегі күнделікті табысының 4% төленеді. Осылайша, сыйақы сомасы жылдық 3000% құрады.

Қазақстандағы өкіл ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктегі өз шотына қабылдайды, содан кейін криптобиржаға аударып, айырбастауды жүргізеді. Соңында криптошелек арқылы «energyeolus.top». платформасындағы өз шотына аударады.

Тартылған азаматтардың жалпы саны кемінде 3 000 адам, оның ішінде 1 773 салымшы 259 млн теңге сомаға мүліктік зиян келтірілгені жайлы өтініш берген.

Қаржы пирамидаларын құру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтінін ескертеміз.

Егер сіз қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, тұрғылықты жері бойынша Экономикалық тергеу департаментіне хабарласуыңызды сұраймыз.

Аумақтық Департаменттердің байланыс нөмерлері төмендегі сілтеме бойынша қолжетімді:

9 қараша 2023, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.