Атырау, 21 қараша 23:25
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Махамбеттің 220 жылдығына арналған айтыс өтті

1 082 просмотра

Махамбет аудандық «Өнерпаз» мәдениет үйінде Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына арналған «Арғымақтан туған Қазанат» атты облыстық ақындар айтысы өтті. 

Махамбет ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Айтыс» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен айтысқа 12 ақын қатысып бақ сынады.

Айтысты «Айтыскерлер мен жыршы термешілер халықаралық Одағы» Атырау облыстық филиалының директоры Шалқарбай ІЗБАСАРОВ жүргізіп, ақындардың өнеріне Республикалық айтыстардың жеңімпазы Саадат НҰРМАНОВ төрағалық еткен айтыстың аға буын өкілдері қазылық етті.

Айтыс қорытындысы бойынша индерлік Жәнібек САДЫРОВ бас бәйгені (400 мың теңге) еншілесе, 1 орынды қызылқоғалық Батыржан КАДІРБАЙ (350 мың теңге) 2 орынды атыраулық Манарбек САТЫБАЛДЫ мен қызылқоғалық Салауат Кәрімұлы (200 мың теңге), 3-орынды құрманғазылық Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ пен махамбеттік Ерасыл МҰХИТОВ (150 мың теңге) жеңіп алды. 

Сонымен қатар облыстық айтысқа алғаш рет қосылған Атырау қаласындағы кіші өнер академиясындағы айтыс мамандығының 10 сынып оқушысы Марсел ЕРСАЙЫНОВ (100 мың теңге) арнайы жүлдеге ие болды. Айтысқа қатысқан қалған ақындар ынталандыру (80 мың теңге) сыйлықтарымен марапатталды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор

13 қараша 2023, 12:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.