Атырау, 23 қараша 17:55
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Таиландта қаза болған студент Бекболат Жиенбаевтың денесі Қазақстанға жеткізілді

2 004 просмотра
Пхукет аралында жол-көлік оқиғасында қазаға ұшыраған малайзиялық жоғары оқу орнының студенті Бекболат Жиенбаевтың денесі Қазақстанға жеткізілді, деп хабарлады бүгін ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 8 мамыр күні Қазақстан азаматы Бекболат Даниярұлы Жиенбаев достарымен Таиландқа, атап айтқанда Пхукет аралына келген болатын, сол күні кеште мотоцикл теуіп жүріп, құлап, басынан қатты жарақат алды, соның салдарынан мамырдың 8-інен 9-ына қараған түні көз жұмды. Оның себебі қатты зақым алғандықтан және көп қан кетуінен болды. Бұл туралы сол бойда Таиландтағы біздің елшілікке, одан әрі ата-анасына хабарланды. Ата-анасы оның денесін Қазақстанға шұғыл жеткізуді талап етті, осыған байланысты елшілік қысқа мерзімде тиісті құжаттарды пысықтап, рәсімдеді және 10 мамырда денесі Қазақстанға жеткізілді», - деп әңгімеледі ведомствоның баспасөз қызметі.

Н.Айтмахановтың айтуынша, оның қанында алкоголь табылмаған, жол-көлік оқиғасы кезінде онда қорғаныш дулығасы болмаған.

Бекболат Жиенбаев Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, малайзиялық университеттердің бірінде оқып жүрген. Қазіргі сәтте дипломаттар атап айтқанда қай жоғары оқу орнында және қай курста оқығанын анықтауда.

Сондай-ақ ҚР СІМ баспасөз хатшысы денені танымалдау шығынын ата-анасы төлегенін, дегенмен мұндай оқиғалар болған жағдайда бюджеттен көмек көрсететін қаржы болатынын атап өтті. «Бұл белгілі бір уақытты қажет етеді, бірақ та ата-анасы тезірек алып келу жағын қатты тапсырды», деді сұхбаттасушы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

11 мамыр 2013, 23:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.