Атырау, 29 сәуір 15:58
 ашықВ Атырау +8
$ 513.68
€ 583.03
₽ 6.24

Иран радардан жасырына алатын ұшқышы жоқ ұшу аппаратын жасап шығарды

1 781 просмотра
Иран мамандары радардан жасырына алатын ұшқышы жоқ жаңа ұшу аппаратын (ҰЖҰА) жасап шығарды, деп хабарлайды BNews Росбалт сайтына сілтеме жасай отырып.

«Жаңа ҰЖҰА-ға Epic деген атау берілді. Ол жоғары биіктікте ұша алады, нысандарды көздейді және радардан жасырына алады», - делінген хабарламада.

Елдің Қарулы күштері күніне арналған парад кезінде сәуір айында Иранда жасалған әскери техниканың үлгілері таныстырылған болатын. Олар: ұшақ, тікұшақ, «жер-жер» және «жер-әуе» зымырандары, артиллерия мен танкілер, оқ өткізбейтін көліктер, байланыс құралдары, түнде көру құралдары.

Сол кезде бірінші рет «Сарир» атты озық үлгідегі ҰЖҰА таныстырылған еді. Иран әскери қолбасшылығының айтуынша, бұл - барлау жүргізетін және соққы жасай алатын, ал операциялар кезінде радардан көрінбейтін мүмкіндігі бар алыстан басқарылатын ұшу аппараты.

Дереккөз: ҚазАқпарат

10 мамыр 2013, 23:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.