Атырау, 16 қазан 13:15
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Форбс тізімі

2 468 просмотра

Атырауда үлкен мінбелерден көрініп жүрген өнер қайраткерлері мен спортшылар бұрыннан да жеткілікті, ал атыраулық ит Форбс иттер арасында алғаш рет чемпиондар тарихын ашып отыр. 10 айлық лабрадор-ретривер «Қазақстанның жас чемпионы» атағын жеңіп алды.

БАУЫРЫ ФОРЕКС ТЕ...

Жас чемпионның толық аты- Stella Fidelis Forbs Inter Star (алғашқы екі сөзі ит туған жануарлар үйінің атауы). Форбстың Форекс Stella Fidelis Forex Sky Lark есімді туған бауыры да бар, ол да Атырауда тұрады. Олардың анасы – атағы шыққан ресейлік аңшы ит, путнистік Кони Полгрейвтің алыс туысы. Әкелері америкалық қорық – Дикендалдан. Иттер Атырауға екі айлық күшік кездерінде келген.

- Мен ағам Арман ЕРКІНОВКЕ жақсы сыйлық жасағым келді. Итті көп таңдадым, тұқымдарын, туған жерлерін зерделедім. Осы жол мені керемет күшіктер дүниеге келуі тиіс Fidelis жануарлар үйіне әкеліп тіреді. Форбсты Арманға сыйладым да, Форексті өзіме алдым, - дейді Атырау қаласының тұрғыны Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВ. – Содан кейін Арман Астанаға көшіп кетті де, белгілі бір себептермен Форбсты өзімен бірге ала алмады. Осылайша ағайынды екі ит те менде қалды.

Лабрадорлар тұқымы өзінің мейірімділігі және ақылдылығымен ерекшеленеді. Оларды жетектеуші немесе құтқарушы ретінде жиі қолданады.

- Лабрадор-ретриверді көбіне күтуші ит деп атайды, ол - балалардың адал досы. Сонымен қатар, оның нағыз аңшы екенін қазір көп адамдар ұмытып жүр. Мен Форбс пен Форекстің аңшылық қасиеттерін дамытуды шештім, ал сабақтар кезінде оларды көрмелер мен жарыстарға қатыстыру керек екенін түсіндім,- дейді Ерлан. – Мәскеуге барып, белгілі хендлер (хендлер – иттерді көрмелер мен конкурстарға шығаратын адам)Яна АВДЮШИНАНЫҢ семинарына қатыстым. Көптеген қызықты нәрселер туралы білдім, бұларды өзім де жасай алатыныма көзім жетті.

 

ЖАТТЫҒУЛАР МЕН САХНА СЫРТЫ 

Ең алдымен көпшілік алдына Форекс шықты. Ол наурызда Ақтауда өткен «Каспий маржаны» ұлттық көрмесіне қатысып, чемпионға үміткер атанды. Ал сәуірде «Батыс кинологиясы» (Ақтөбе қ.) және «Орал көктемі» ұлттық көрмелеріне Форбсшықты.200-ден аса асыл тұқымды иттер қатысқан осы екі көрменің қорытындысы бойынша Форбс Қазақстанның жас чемпионы атағын жеңіп алды. Ерлан бұл жетістіктің оңай келмегенін айтты:

- Біз көп жаттығу жасадық, өйткені сарапшылар әр ұсақ-түйекке назар аударады. Біріншіден, иттің бұлшық еттері шыныққан, жақсы күйде болуы керек. Мен күн сайын Форбс пен Форексқа 40 минуттай жүгіріс ұйымдастырдым. Қазір, күн жылынғаннан бері Жайыққа 15-20 минут суға түседі, жүзеді. Алайда бұл ең бастысы емес. Көрмелерде жануардың хендлермен физикалық жақындасуына тыйым салынады, иттер тек дыбыстық пәрмендерді ғана орындайтындай  әбден жаттыққан, далаға алаңдамайтындай болуы керек, - дейді барлық үш көрмеде де хендлер ретінде қатысқан Ерлан.

- Негізгі қарсыластарын алаңдатып, төрешілердің төменгі ұпайларын иеленулері үшін әрекет жасауға тырысатын хендлерлер де бар. Мысалы, ринг бойынша жүгіру кезінде жүгіріп келе жатқан ит ырғақтан айырылып қалуы үшін хендлер аяқтарын қатты тарсылдатады. Көрініс көрсету кезінде көңілін бөлу үшін әр түрлі дыбыстар да шығаруы мүмкін. Осындай лас ойындарға көрермендер де қатысады, олар иттерді әдейі тамақпен алаңдатады. Мен Форбсты шығарғанда қатты толқыдым. Ол мұны сезген сияқты және мені әркез жігерлендіруге тырысты. Қысқасы, бұл - біздің ортақ жеңісіміз.

Форбстың болашақта да жеңімпаз атанатын мүмкіндіктері мол, ол қазірдің өзінде Еуропа чемпионатына шақырту алды.

- Өкінішке орай, қаржылық жағдайларға байланысты бұл сапардан бас тартуға тура келді, алайда жақында Нижний Новгородта өтетін Лабрадор-ретривер клубының көрмесіне міндетті түрде баратын боламыз. Жарысқа Форексті де дайындаймыз. Бүгінгі күні алдымызға қойып отырған басты мақсат – жыл сайын Мәскеуде өтетін «Еуразия» көрмесіне қатысу. Бұл ит асыраушылар арасында Олимпиадалық ойындармен пара-пар,- деп өз жоспарларымен бөлісті Ерлан.

 

КЛАССИКАНЫ ҚАЛАУШЫЛАР

Өз иттерімен шұғылдана жүріп, Ерлан атыраулық ит асыраушылармен танысты.

- Бізде бұл салада жүрген адамдар өте талғампаз. Атыраулықтар жай ғана бір тұқымның иттерін таңдамайды, олар жақсы ата-тегіне көп көңіл бөледі. Қазір әлемде «қалталық» шағын иттер сәнге айналған, алайда біздікілер үлкен иттерді ұнатады. Мысалы, классикаға айналған неміс овчаркасы атыраулықтар арасында үлкен сұранысқа ие, - дейді Ерлан.

Айта кетсек, болашақта ұлттық деңгейдегі иттер көрмесі Атырауда да өтетін болады. Атыраулық ит асыраушылар клубы осындай іс-шара өткізу үшін республикалық Ит асыраушылар одағына сәйкесінше өтінімдерін жіберді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

9 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.