Атырау, 12 қараша 07:30
 ашықВ Атырау +2
$ 492.65
€ 525.71
₽ 5.03

Спорт жаңалықтары

2 397 просмотра

Қазақстан - алда

Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дің «Жайық» ДСК-нде бокстан V халықаралық турнир өтті.

Оған Сирия, Украина, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан және Қазақстанның барлық облыстарының құрамалары қатысты. Атырау додаға 7 боксшысын қосты. Алдын ала кезеңде ұтылып қалған Нұрсұлтан Амангелдиевтен басқалары жүлделі орындарға ие болды.

64келіге дейінгі салмақта екі атыраулық –Вахид Әлібеков пен Азамат Досмағамбетовтер өнер көрсетті. Бапкерлер екеуі де финалға шығады деп үміттенген. Алайда бұл үмітті украиналық Мгер Оганесян үзді, ол жартылай финалда Вахидті ұтса, ақтық сында 11:10 есебімен Азаматты жеңді.

56келіге дейінгі салмақта Жасұлан Молдашев пен Ержан Ордабаев шаршы алаңға шықты. Жеребе жолдас болмай, екеуі жартылай финалда кездесті.

Ержан жеңімпаз атанып, Жасұлан «қоланы» місе тұтты. Ал финалда Ержан ресейлік Егор Егоровты сенімділікпен ұтты (16:9).

Жасұлан Қапаров жартылай финалда Украина чемпионы Денис Лазаревтен 12:13 есебімен ұтылып қалды. Финалға шыққан Лазарев алтын медальға ие болды.

Біздің құрама сапындағы Рашид Салауатов 49 келіге дейінгі салмақта чемпион атанды. Ол финалда ақтаулық Мардан Берікбаевтан айласын асырды (12:11). Осылайша, атыраулықтар екі алтын, бір күміс және үш қола медальға қол жеткізді. Командалық есепте, І орын – Қазақстан, ІІ - Украина, ІІІ орынды Әзірбайжан мен Қырғызстан бөлісті.

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

***

 

Неге алып тастады екен?

Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-де өткен таэквондодан VII жазғы Универсиадада атыраулық спортшылар көп жүлде алды. Алаң иелерінің құрамасы 8 алтын, 7 күміс және 8 қола медаль иеленді.

Амантұр Табылдиев, Мирас Муфтахов, Әнуар Насихатов, Батыр Серікбай, Жұлдыз Мақұлбекова, Рысжан Ибатова, Айгүл Елубай және Жұлдыз Бүркітова 1-орын алды.Күміс жүлдегерлер: Дастан Қожыров, Дастан Мұратов, Жасқанат Қуанышев, Жансая Абиболла, Бибігүл Нұрғалиева, Ирина Гайдук, Айза Өтегенова. «Қола» медаль Нұрсұлтан Жедібаев, Азамат Жолдыбаев, Бекет Шатенов, Данагүл Сағынғалиева, Жанар Төлеуова, Ұлжан Маханова, Мөлдір Нұрбергенова және Алтынзер Өтепбергеноваларға бұйырды.

Облыстың аға жаттықты-рушысы Бауыржан Төребаевхабарлағандай, жеңімпаздар Қазанда болатын Бүкіләлемдік Универсиада-2013-ке бармайды, жарыс ұйымдастырушылары таэквондоны бағдарламадан алып тастапты. Естеріңізге сала кетсек, 2009 жылы Белградта өткен бүкіләлемдік Универсиадада атыраулық таэквондошы Гүлнафис Айтмұхамбетова жеңімпаз атанған еді.   

***

 

Астана мен Астраханнан кейін

«Жайық» спорт кешенінде өткен кекушинкай карате-додан ашық Қазақстан чемпионатында облыс құрамасы үшінші командалық орын алды.

Чемпионатқа Қазақстанның 10 қала-сынан және Ресейдің 2 қаласынан құрамалар қатысты. Бірінші орынды Астана командасы алса, екінші орында – Астрахан құрамасы. Біздің облыс құрамасы сапында Альфия Даирова, Александр Грузинцев және Рүстем Байбосынов чемпион атанды. Күміс жүлдегерлер - Камила Сүндетова, Дмитрий Сурсков, Асылан Шәймерденов және Жақсылық Аманов. Қола медальді ағайынды Нұрлан және Сұлтан Забиғоллаевтар, Изабелла Зауткалиева, Ақылбек Садырбеков, Айбар Бердиев, Аманат Еділбаев жәнеҚуаныш Хабдолла иеленді.

«Намыс» облыстық кекушинкай карате-до федерациясының спортшылары мен жаттықтырушысы Танат Нұрымов «ИнжПром Компании» ЖШС-іне (Р. Айнетов), А. Жаниязовқа және ата-аналар комитетін Қазақстан чемпионатын өткізуге көмектескендері үшін алғыс айтады.

***

 

Қолаға толы қоржын

Бангкокте өткен дзюдодан Азия чемпионатында атыраулық дзюдошы, 1-ОРМБЖСМ-нің және жаттықтырушы Ж. Қияновтың шәкірті Назгүл Құбашева сәтті өнер көрсетті.

Назгүл командалық жарысқа («қабырғаға қабырға») қатысты. Ол барлық қарсыластарын ұтты, алайда әріптестері сәтсіз өнер көрсетіп, Қазақстан командасы финалға шыға алмады. Қанжығада - қола медаль. Ерлер құрамасы да осындай нәтиже көрсетті. Сонымен қатар, жеке есепте қазақстандық дзюдошылар бес қола медаль иеленді.

***

 

Бапкердің жеңісі

5 мамыр күні Талдықорғанда футболдан ел чемпионатының 9-турында жергілікті «Жетісу» командасы мен «Атырау» кездесті.

Бұл жолы біздің ойыншылар «қонақ» болып текке отырмай, көп шабуылдар ұйымдастырды. Ал екінші таймда жасалған ойыншы алмастыру ойын тағдырын шешті. «Атыраудың» бас бапкері Миодраг РАДУЛОВИЧ алаңға Бейбіт ТАТИШЕВТІ шығарды. Ол 90-минутта матчтағы жалғыз голдың авторы атанды. 1:0 – команданың турнирлік және психологиялық тұрғыдан өте маңызды жеңісі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

9 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.