Атырау, 23 қыркүйек 09:23
 ашықВ Атырау +25
$ 475.25
€ 505.52
₽ 4.95

№... палата өртеніп жатыр

1 582 просмотра

Диспетчерлік қызмет пультіне облыстық аурухананың науқастарды қабылдайтын бөлмесінің медбикесінен –«нейрохирургия бөлімшесінің 4-қабатында №234 палата өртеніп жатыр, 4-қабат дәлізі қою түтінге толған» деген хабарлама келіп түскен.

Бұл «Емдеу мекемелеріндегі өртті сөндіру» тақырыбында гарнизондық өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығу болатын. Кезекші медицина қызметкері өрт сөндірушілер келгенге дейін науқастарды (олардың рөлін медиктер атқарған) «өртеніп жатқан» ғимараттан сыртқа шығарыпты. Сол жерге жеткен өрт сөндірушілер жауынгерлік іс-қимылға көшіп, ғимаратқа барлау жүргізуге кіріскен.  Шартты өртті сөндіру барысында 48 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 5 адам құтқарылды. Оқу-жаттығуға жеке құрамның 35 қызметкері, 5 техника жұмылдырылды. Өзара әрекет ету жоспары бойынша қаланың арнайы және апаттан құтқару қызметтері келген. Жалпы алғанда, жаттығу тамаша өтті.

Анастасия ПАСТУХОВА

9 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.