Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі парламенттен.
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заң қолданысқа енгізілген 2009 жылдан бергі уақытта заңнамалық деңгейде шешуді талап ететін бірқатар мәселелер туындады. Олар ең алдымен, жаңартылатын энергия көздері объектілерін орналастыру мақсатында жер учаскілерінің мақсаттарын өзгерту мүмкіндігі, жаңартылатын энергия көздері нысандарында өндірілген электр қуатының бағасын анықтау сияқты мәселелер болып табылады», - деді ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Н.Қаппаров.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары