Атырау, 25 қараша 18:41
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қазақтар осылай соғысқан

1 790 просмотра

наурызәлі мен Айгүл Сарқұловтар Орлов облысындағы бауырластар зиратында.Наурызәлі мен Айгүл Сарқұловтар Орлов облысындағы бауырластар зиратында.Қазір, көптеген жылдар өтсе де, сұрапыл соғыс зардабын тигізбеген отбасыны сирек кездестіресің.

Темір жолдың қарапайым жұмысшысы 38 жасар Сүйеу САРҚҰЛОВ майданға 41-жылы аттанды. Гурьевте оны әйелі Сұлупан төрт кішкентей баламен күтіп қалды. 1943 жылы ол күйеуі хабар-ошарсыз жоғалып кетті деген хабарлама алды. Шиіттей төрт баланы жалғыз өзі аяққа тұрғызу қандай қиын болғаны айтпаса да, түсінікті жайт... Ол осы жылдар бойы жұбайын аман сау, тірі көрем деген сенімін еш жоғалтпады. Сұлупан әскери мұрағаттарға хаттар жазды, бақилық болар алдында да балалары мен немерелеріне іздеуді әрі қарай жалғастыруды өсиет қылып кетті. Асыл жар 1980 жылы көз жұмды.

Ұрпақтары аналарының өсиетін орындады. Олар сұрау салуды тоқтатқан жоқ және 2011 жылы өз дегендеріне жетті! РФ-ның қорғаныс министрлігінің Подольск мұрағатынан 60-атқыштар дивизиясының қатардағы жауынгері Сүйеу Сарқұлов 1943 жылы Курск түбіндегі айқаста қаза болып, Орлов облысының Трофимов деревнясының маңындағы бауырлар мәйітіне қойылған деген хабарлама келді.

Атырау жерінің топырағын әкесінің зиратына салып жатыр.Атырау жерінің топырағын әкесінің зиратына салып жатыр.- Біз оның қазасы туралы егжей-тегжейлі білмейміз, алайда Курск түбіндегі айқас соғыстағы шешуші сәттердің бірі екенін, осыдан кейін неміс әскері тек шегінуде болғанын білеміз,- дейді солдаттың76 жастағы ұлы Наурызәлі САРҚҰЛОВ. – Менің әкем сол жерде жеңіс үшін соғысты. Ол менің есімде жоқ, ол соғысқа кеткенде мен небары үште едім. Әрине, біз Орлов облысына бардық. Бауырлар мәйітінің басында тұрып, мен көз жасымды ұстай алмадым. Мен әкемнің және осы айқаста қаза болған 386 жауынгердің есімі жазылған тасқа қолымды тигізіп, тізерлеп отырып, дұғамды оқыдым. Сонымен қатар мола басына туған жердің бір уыс топырағын алып бардым.

Орлов жерінде Сарқұловтар қазақ жауынгерлерінің ержүректігі туралы көптеген аңыздар сақталғанын естіпті.

- Біз барған музейде ептілігімен көзге түскен дала атқыштары мен біздің сарбаздардың өжеттігі жөнінде әңгімелеп берді, - дейді майдангердің немересі Айгүл САРҚҰЛОВА.Бізге орловтық жазушы Виктор Рассохиннің мына сөздерін айтып берді: «Орта Азия ұлдары, соның ішінде қазақтар біздің мәңгі есімізде...Сіздердің ұлдарыңыз ажалды жеңіп, мәңгілік өмірге аяқ басты».

Өкінішке орай, отбасында аталарының бірде-бір суреті сақталмаған екен, алайда ол балаларының, көптеген немере-шөберелерінің жүрегінде мәңгіге сақталған.

Анастасия ПАСТУХОВА

Сурет Сарқұловтар отбасы мұрағатынан алынды

9 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.