Атырау, 7 қазан 11:13
 ашықВ Атырау +26
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Тестілеу әдеттегідей өтеді

1 607 просмотра

Биыл Атырау облысының мектептерінде 5040 оқушы мектеп бітіреді. ҰБТ тапсыруға 4138 түлек өтініш берді.

Естеріңізге салсақ, 10 наурыз - 25 сәуір аралығында бүкіл елде ҰБТ-ға қатысуға 11-сынып оқушыларынан өтініштер қабылданды. Талдау көрсетіп отырғандай, жылдан жылға бірыңғай ұлттық тестілеуден өткісі келетін түлектердің саны шамамен бірдей. Өткен жылы 11-сыныптың 5 663 түлегінің 4766-сы өтініш берген, бұл 83,2 пайызды құрайды, биыл – 82,1 пайыз. ­Өткен жылғы ҰБТ қорытындылары бойынша түлектеріміздің орташа нәтижесі 71 баллды құрады. Алақол бәсекелестіктен құтылу үшін тестілеу қорытындылары бойынша облыстардың рейтингісін жасақтаудан білім беру министрлігі өткен жылы бас тартқан болатын.

Биылғы жылы ҰБТ өткізу форматы бойынша ешқандай өзгерістер жоспарланбаған. Бұл туралы ақпанда Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали ӘБДИЕВ мұғалімдерге арналған арнайы семинарда хабарлаған еді. Атырау облысында ҰБТ 7 қосында: Атырауда (АМУ-де) және Исатай ауданынан басқа (мұндағы түлектер тестілеуден өту үшін облыс орталығына келеді) барлық аудандарда өткізілетін болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.