Атырау, 9 ақпан 04:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.63
€ 583.22
₽ 6.42

Мүлкі тәркіленіп, бес жылға сотталды

1 929 рет қаралды

ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы («пара алу») бойынша айыпталған ІІД көші-қон полиция-сы басқармасының көші-қон бақылау бөлімшесінің бұрынғы бастығы А. ИМАНБАЕВҚА үкім шығарылды.

Атырау облыстық қаржы полициясы өткен жылдың күзінде оған қарсы қылмыстық іс қозғаған еді. Сол кезде Атырау қалалық №2 сот оны қамауға алуға санкция берді. Көші-қон полициясының офицері «Ligabue Central ASIA» ЖШС әкімшілігінен шетелдік азаматтарды тіркеу бойынша құжаттарды кедергісіз ресімдеп, жалпы қамқорлығына алғаны үшін 150 мың теңге сомасында пара алды деп айыпталды. Атырау қалалық №2 сотының үкімімен ол мүлкі тәркіленіп, жалпы режимдегі колонияда 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

9 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.