Атырау, 26 маусым 17:29
 снегВ Атырау +23.9
$ 485.40
€ 550.69
₽ 6.41

Жүзеге аспаған «жоспар»

1 636 рет қаралды

Астрахан облысымен шектесіп жатқан жерден Құрманғазы ауданының аумағы арқылы есірткі затын өткізбек болған 30 жасар Өзбекстан азаматы ұсталды.

Оның үстінен ҚР ҚК 185 бабы 1 бөлігі («Көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену»), 250 бабы 1 бөлігі («Есірткі заттарын Кеден одағының кедендік шекарасы және ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз өткізу) бойынша қылмыстық іс көтеріліп, екі айға уақытша қамауға алынды.

- Ол шекара бекетінде тұтылды. 6,92 грамм кептірілген марихуананы тасымалдаған ол өзі жолаушы ретінде мінген көлікті жүргізушінің жоқтығын пайдаланып, ұрлап қашып кетпекші болды. Бүгінде тергеу жүргізілуде, - дейді Құрманғазы ауданы прокурорының орынбасары Магилан РАХИМОВ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 мамыр 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.