Атырау, 11 желтоқсан 10:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Патамушта коммунист емес (ФОТО)

3 112 просмотра

7 мамырда Атырау облысының Сарайшық ауылында жұмыртқа лақтырудан Андрей Цуканов жүлдесіне арналған турнир өтті.

Естеріңізге салсақ, коммунист Андрей Цуканов 26 сәуірде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік ӘБДЕНОВКЕ Алматыға жасаған сапары кезінде жұмыртқа лақтырып, елге әйгілі болған еді. Атыраулық үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінде осындай әзілқой турнир өткізу идеясы бірден туындады. Айта кетсек, бұл турнирдің өткізілейін деп жатқаны жөнінде Цукановтың өзі болатын күн қарсаңында ғана естіді және өз фотосын пайдалануға қуана келісімін берді.

Турнирге қатысуға ҮЕҰ өкілдері, азаматтық белсенділер ыхтиярларын білдірді. Ал қалалық шаруашылықтардың бірінің иесі «демеуші» ретінде тауық қорадағы өнімді ең көп беретін тауықты ұсынды. Шұбар тауықты да (оған бірден осындай ат берілді) қала сыртына алып шықты. Тасымалдау кезінде болған қолайсыздықтар нан қиқымымен өтелді.

Нысана ретінде ақ көйлек, галстук тағылған ер адам пиджагы қойылды. Бұларды киім ілгішке іліп, «патамушта, патамушта» деген жазуы бар тақтайға қағылды.

Айта кетсек, сайысқа дайындалу кезеңінің өзінде-ақ, Сарайшық маңында демалып жүрген көпшілік өз қызығушылықтарын білдірді. Іс-шараның мәнін білгеннен кейін, олар да жұмыртқа лақтыруға сұранып, тіпті, екі-үш ұран сөздерді айтуды ұсынды.

Турнир авторлары жарылған жұмыртқаларды пиджакпен бірге араластырып, құймақ жасауды ойлаған еді, бірақ жиналғандардың ішінде мергендерден гөрі «қисық қолдар» көп болып, тағам дайындауға мүмкіндік болмады. Алайда мәртебелі үш жүлде – алтын, күміс және қола жұмыртқалар өз иелерін тапты. «Азат» партиясының мүшесі Құмар МҰСАҒАЛИЕВ, азаматтық белсенді Минал КЕЖЕКОВ, 31-телеарнаның меншікті тілшісі Гүлбадам НАЗБЕНОВА сәйкесінше жүлдегерлер атанды. Турнир барысында барлығы 40 жұмыртқа шығындалды. Іс-шара кезінде ешбір тауық зардап шеккен жоқ.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

8 мамыр 2013, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.