Атырау, 25 қараша 18:41
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жер астынан шыққан өрт

2 520 просмотра

Атыраудан түтін көрінбейді, алайда «Ақжайық» резерватының бір бөлігі әлі жанып жатыр. Енді жел қала жақтан соғып тұр Теңізде тұтанған от теңізге жақындады» жарияланымын қараңыз).

Өрт жалындап жатқан резерват аумағы Қызылжар деп аталады. Атыраудан 25 шақырым қашықтықтағы бұл жерде «Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары» АҚ-ның алты тобы мен «Ақжайық» резерватының бір өрт сөндіру машинасы өртпен күресуде.

Олар үшін Сарыөзектен «Арнаулы автобаза», «АтырауСуАрнасы» және АМӨЗ бөлгенбес автоцистернаның көмегімен су тасымалдау ұйымдастырылды.

Біз құрғақ қамыстан жалынның бетін қайтардық, - дейді өрт сөндіру операциясына басшылық етуші облыстық ТЖД бастығының орынбасары Марат ҚҰРМАНОВ. – Сарыөзектегі су деңгейі біздер үнемі су алатындықтан түсіп кетті, сондықтан помпа орнатуға тура келді. Тек қамыстың өзі ғана емес, он жыл бойына өлі өсімдіктерден түзілген шымтезектер мен қамыс түптерінің ұзын «арқандары» да жанып жатқаны қиын болып тұр. Өрт жоғалады да, басқа маңда жер астынан «шыға келеді». Қамыс түбірі бұл жерде жай тұтанатын білтенің рөлін атқарып тұр. Дегенмен де, таяу уақыттарда өртті түбегейлі сөндіреміз деп үміттенеміз.

Біздің фотокамерамыздың объективіне күйген жердің кішкентай бөлігі ғана ілінді. «Ақжайық» резерватының өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне залал келтірілді, оның мөлшері алдағы уақытта бағаланады.

 

 

 

 

 

 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

8 мамыр 2013, 12:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.