Атырау, 23 қараша 17:26
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Астанада пара алды деген күдікпен Тәуелсіздік сарайы директорының орынбасары ұсталды

3 150 просмотра

Пара алды деген күдікпен «ТәуелсіздікСарайы» МҚКК директорының коммерциялық сұрақтар бойынша орынбасары және осы мекеменің мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы  ұсталды, деп хабарлайды сәрсенбіде қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылғы 30 сәуірде Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері объектінің өртке қарсы күзеті және өрт сөндіру жүйесін қамтамасыз етудің мемлекеттік сатып алу келісім-шартын жасауға көмектесуі үшін «Арлан Системс НС» ЖШС директорынан 576 мың теңгені пара ретінде алды деген күдікпен «ТәуелсіздікСарайы» МҚКК директорының коммерциялық сұрақтар бойынша орынбасары Е. Зейнелгабдин және осы мекеменің мемлекеттік сатып алулар бөлімінің басшысы М. Бақтыбаевты ұстады.

Осы күні аталған тұлғаларға қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«3 мамырда Зейнелгабдин мен Бақтыбаев сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады», - делінген хабарламада.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

8 мамыр 2013, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.