Атырау, 8 қазан 04:29
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Роберту Азеведу - ДСҰ-ның жаңа басшысы

1 991 просмотра

Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) бас директоры болып бразилиялық Роберту Азеведу сайланды. БЕЛТА агенттігінің хабарлауына қарағанда,  ұйымға мүше 159 ел басшы сайлау туралы  үшінші кеңесте осындай шешім қабылданған.

Әлемдік сауданың 97 % реттейтін ДСҰ-ның орынтағына соңғы шешім шығар жиында оңтүстік америкалық дипломат, осы ұйымдағы Бразилияның елшісі мексикалық Эриминио Бланкодан басым түсті. Алғашқы екі жиында Иордания, Гана, Кения, Коста-Рика, Индонезия, Жаңа Зеландия мен Оңтүстік Корей елдерінің үміткер өкілдері өтпей қалды. 55-жастағы дипломат ДСО-ның тізгінін 1 қыркүйектен бастап  қолға алады. Қазіргі бас директор француздық Паскаль Ламидің мерзімі сол кезде аяқталады. Ол 2005 жылдан бері жаһандық ұйымды басқарды.

Роберту Азеведу – 2008 жылдан бері Бразилияның ДСҰ-дағы елшісі. Ол соңғы 20 жылда Бразилияның Сыртқы істер министрлігінде экономикалық мәселелермен айналысады. Оның жетекшілігімен Бразилия АҚШ және Еуро одақпен ірі сауда дауын бастаған болатын.

ДСҰ  - 1995 жылы 1 қаңтардан бастап әлемдік сауда нарығын басқаратын жаһандық ұйым.

Дереккөз: bnews.kz

8 мамыр 2013, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.