Атырау, 25 қараша 18:47
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Келесіде қыркүйекте ажыратылады

1 965 просмотра

Сәуірде Атырауда ыстық судың берілуі екі мәрте жаппай тоқтатылды. «Теплосервис» институтының мамандары 16-19 сәуірде Атырау қаласының жылу жүйелеріндегі нормативтік шығындарды есептеген болса, 23-інде жылу тұрбаларының беріктігіне гидравликалық сынақ жүргізілді.

Келесі жолы қаладағы ыстық суды айыру жылу жүйелерін, жылу қосындары мен сорғыларды күрделі жөндеуден өткізгеннен кейін ысырмалар мен тұрбалардың ақаулы учаскелерін ауыстыру үшін магистральды жылу жүйесі қыркүйектің басында толықтай тоқтатылады. Содан кейін қыркүйектің екінші жартысында жылу жүйесін шайып-тазалауға байланысты жылыту маусымы алдында ыстық суды айырады. Бұл туралы «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВ хабарлады.  

Жөндеу жұмыстарына байланысты көлік қозғалысы жабыла ма, қайда және қашан жабылады? Бұл сұраққа Атыраудың бас жылу қызметкері үстіміздегі жылы екінші дәрежелі көшелер мен өткелдердің астындағы тұрба құбырларын жөндеу жоспарланғанын айтты. Егер орталық көшелердің асфальт жабындарын жөндеу туралы шешім қабылданатын болса, жылу берушілер осы мүмкіндікті пайдаланып, жерасты тұрба құбырларын ауыстыру жұмыстарын қатар жүргізеді.

Қазір «АЖЖ» АҚ жылу жүйелерін жөндеуге кірісіп кетті. Биыл тұрбаларды (33,4 км, оның 3,4 км-і магистральды, 29,9 км-і - кварталды) ауыстыру, жылу изоляциясын жөндеу (41,5 км), 44 жылу қосыны мен №1, 2 сорғы стансаларын жөндеу, сонымен қатар электр жабдықтарын, өлшеу аспаптарын, ысырмаларды, ғимараттар мен құрылғыларды жөндеу жоспарланған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 мамыр 2013, 19:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.