Атырау, 30 қараша 15:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Мүлкі тәркіленіп, бес жылға сотталды

2 341 просмотра

ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 2-тармағы («пара алу») бойынша айыпталған ІІД көші-қон полициясы басқармасының көші-қон бақылау бөлімшесінің бұрынғы бастығы А. ИМАНБАЕВҚА үкім шығарылды.

Атырау облыстық қаржы полициясы өткен жылдың күзінде оған қарсы қылмыстық іс қозғаған еді. Сол кезде Атырау қалалық №2 сот оны қамауға алуға санкция берді. Көші-қон полициясының офицері «Ligabue Central ASIA» ЖШС әкімшілігінен шетелдік азаматтарды тіркеу бойынша құжаттарды кедергісіз ресімдеп, жалпы қамқорлығына алғаны үшін 150 мың теңге сомасында пара алды деп айыпталды. Атырау қалалық №2 сотының үкімімен ол мүлкі тәркіленіп, жалпы режимдегі колонияда 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 мамыр 2013, 19:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.