Атырау, 27 шілде 04:59
 ашықВ Атырау +25
$ 474.83
€ 515.38
₽ 5.50

Өткен жылы жоғалып кеткен ұшақ табылды

2 146 просмотра

Ресейде өткен жылдың маусым айында жоғалып кеткен ұшақ табылды. Оның бортында ұшқышы мен 12 жолаушысы болған. 

АН-2 ұшағын аңшылар Свердловск ауданындағы Серов қаласынан 8 шақырым жерден тапқан. Қаза тапқандардың денелерін мамандар генетикалық сараптама жасауға жіберді. Қазір оқиға орнында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс жүргізуде. Алдын ала болжам бойынша, әуе кемесі қонуға бағытталған кезде  апатқа ұшыраған. Айта кетейік, «АВИА-ЗОВ» әуекомпаниясына тиесілі ұшақ өткен жылы 11 маусымда рұқсатсыз, белгісіз бағытта ұшып кеткен. Жарты жылға созылған іздестіру жұмыстары тек қараша айында ғана тоқтатылған еді.

Дереккөз: 24.kz

6 мамыр 2013, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 700 672 70 30 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.