Атырау, 12 қазан 14:43
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Украиналық боксшы Владимир Кличко италиялық Франческо Пьянетаның соққылары ауыр болғанын мойындады

1 798 просмотра

Украиналық боксшы Владимир Кличко италиялық Франческо Пьянетаның соққылары ауыр болғанын мойындады. Ол Маннгеймде (Германия) өткен 12 раундық кездесудің 6 раундында техникалық нокаутпен жеңіп, әлем чемпионы атағын сақтап қалғаннан кейін осндай пікірімен бөлісті, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС

«Франческомен жұдырықтасу оңай болған жоқ. Оның соққылары менің жадымда ең ауыр соққылар боп қалады», – деді боксшы РТЛ телеарнасына берген сұхбатында. Бірақ, кейіннен өз сөзінен жаңылысып, италиялықтың шабуылдары дәл тиген жоқ деген пікір білдірді.

Пьянета кездеуден кейін өз көңіл-күйінің жоқтығын жасырмады. «Мені бұл жағдайға қапалымын. Владимирге құрмет білдіремін. Ол – әлем чемпионы. Ал бүгін менің сәтсіз күнім», – деді италиялық боксшы.

Шаршы алаңдағы кездесуді 15 мың көрермен тамашалады және ол 150 елдің телеарнасында көрсетілді.

Дереккөз: bnews.kz

6 мамыр 2013, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.