Атырау, 25 қараша 18:26
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда такси екі оқушы қызды қағып кетті (толықтырылды, ФОТО)

5 085 просмотра

Бүгін, 4 мамыр күні Атырауда 13 сағат 30 минут шамасында Молдағұлова және Кутяков көшелерінің қиылысында ауыр жол көлік оқиғасы орын алды.

Гагарин атындағы мектептің апалы-сіңлілі 4-ші және 5-ші сынып оқушылары жаяу жүргінші жолымен өтіп бара жатқан еді. Обаға қарсы станция жақтан келе жатқан «Мицубиси-Монтеро Спорт» джип автокөлігі қыздарды өткізіп жіберу үшін тоқтап тұрған сәтте жолдың ортасын енді ғана кесіп өткен оларды аса жылдамдықпен қарсы келе жатқан «Ритм» таксомоторлық компаниясының тану белгілері бар «Лада» ВАЗ-2110 автокөлігі қақты. Куәгерлердің айтуынша, бір қыз бала тиген соққыдан тоқтап тұрған джиптің маңдай бөлігіне апарып соғылған, ал екінші қыз баланы такси жол бойымен он метр сүйреген. Оқиға орнынан табылған адамдар оларды екі машинаға салып, облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Жол полициясы келгенге дейін такси жүргізушісі машинадан шыққан жоқ. Жол көлік оқиғасының аласұрған куәгерлерінің айқайына ол "түскі асқа асықтым" деп жауап берген.

Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінің дәрігері Қалықберген ОТАРАЛИЕВТЫҢ айтуынша, балалардың жағдайы өте ауыр, қандайда бір болжам айту өте қиын. Қыздардың алған жарақаттарының ауырлығын анықтау үшін рентгенге түсірді.

Бүгін, 6 мамырда біз тағы да облыстық балалар ауруханасының дәрігері Отаралиевпен хабарластық. Ол апалы-сіңлілі қыздардың екеуінің диагноздары бірдей екенін, жабық бас сүйегі-миынан зақым алғанын, маңдай сүйегі жарықшақталып сынғанын (жаншылған сынықтан қорыққан еді, құдай сақтап қалды), бас миы шайқалғанын, аяқ-қолдарында (сынықтар жоқ) көптеген жарақаттар мен терісі сыдырылған жерлер көп екенін айтты.

Үлкен әпкесінің жағдайы жақсарып, оны хирургия бөлімшесінің жансақтау бөлімінен ауыстырды. Кішісі әлі есін жиған жоқ.

Ал 7-сі күні есін жиған сіңлісі де жансақтау бөлімінен хирургия бөлімшесіне жатқызылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

4 мамыр 2013, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.