Атырау, 8 шілде 03:11
 ашықВ Атырау +28
$ 519.51
€ 611.83
₽ 6.60

Қазақстанда мамырда жанар-жағармайдың реттелетін бағалары сол қалпында сақталады-ТМРА

1 496 рет қаралды

АСТАНА,  4 мам –Қазақстан жаңалықтары АА. Қазақстанда мамырда жанар-жағармайдың реттелетін бағалары сол қалпында сақталады, деп мәлімдеді сенбіде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов.

«Мамырда  республика бойынша реттелетін қызметтерге және жанар-жағармайға  тарифтер көтерілмейді», - деді  Оспанов  брифингте.

Оның айтуынша,1 мамырдан бастап тек Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында сумен жабдықтау және канализация қызметтеріне шекті тарифтер енгізілді. Семей қаласында сумен жабдықтау тарифтері 1 мың литрі үшін 6 теңгеге, канализация қызметінің тарифтері 1 мың литрі үшін 3,6 теңгеге қымбаттап отыр.

Дереккөз: newskaz.kz

4 мамыр 2013, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.