Атырау, 25 қараша 18:21
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда оттегі баллоны жарылды (толықтырылды)

2 556 просмотра

Бүгін, 3 мамырда сағат 16-да Атырауда Әбдірахманов көшесінің бойындағы №39 үйдің ауласында №10 ұлттық гимназияның жанында жарылыс орын алды.

Үй алдындағы кәріз құдығы мен асфальт қопарылып қалыпты. Зардап шеккендер жоқ. Жарылысқа себеп болған затты полиция сараптамаға алып кетті. Оқиға орнына «Атырау Су Арнасы» КМК-ның бүкіл басшылығы келді. Кәсіпорынның бас инженері Виктор СУЩЕНКОНЫҢ айтуынша, құрылысшылар асфальт астында қалдырып кеткен оттегі балоны жарылған.

Бұл ақпарды полиция да растады: Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВАНЫҢ айтуынша, оқиға орнына келіп жеткен жедел қызмет қызметкерлері жарылыстан кейін пайда болған 1 метр тереңдіктен жоғары шұңқырдағы жарылған оттегі балонының қалдықтарын шығарып алған. Тергеу жүріпжатыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

3 мамыр 2013, 17:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.