Атырау, 5 қараша 05:17
 жаңбыр жаууы ықтималВ Атырау +6
$ 489.36
€ 533.45
₽ 4.99

«БТА Банк» директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Е. Тәтішев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді

1 458 просмотра

«БТА Банк» директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Ерлан Тәтішев ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілді.

Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлімдеді.

 «Ол (Е. Тәтішев - автор) 16 сәуірде ұсталған болатын, алайда денсаулығына және басқа да жағдайларға байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жіберілді. Қазір оған тергеу органына келіп тіркеліп тұруы үшін арнайы кесте белгіленген. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда», - деп атап өтті М. Жұманбай ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

 Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың желтоқсанында «БТА Банк» АҚ-ның қаражатын талан-таражға салуға байланысты қылмыстық істің 1770 томын одан әрі тергеу үшін Бас Прокуратура Қаржы полициясына тапсырған еді.

 Бұдан бұрынырақта өткен брифинг барысында Мұрат Жұманбай тергеу-жедел тобы аталған қылмыстық істі тергеу кезінде Е. Тәтішевтің де қатыстылығын дәлелдегенін айтқан. Ал 16 сәуірде Е. Тәтішев ұсталып, Алматыдағы уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 мамыр 2013, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.