Атырау, 23 қараша 08:17
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Царнаевтар АҚШ-тың Тәуелсіздік күні лаңкестік жасауды жоспарлаған

1 892 просмотра
АСТАНА. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Аға-інілі Царнаевтар 4 шілдеде, АҚШ халқы Тәуелсіздік күнін тойлап жатқан шақта лаңкестік жасауды жоспарлаған.

Бұл туралы  Reuters агенттігіне сілтеме жасаған РосБизнесКонсалтинг хабарлады.

Тамерлан мен Джохар Царнаев жарылғыш заттарды күткендегіден тезірек жинағандықтан, қылмыстық жоспарларына өзгерістер енгізген.

Бұған дейін Бостондағы марафон кезінде іске қосылған жарылғыш заттардың радио арқылы басқарылатыны хабарланды. Оларға ойыншық машиналарда қолданылатын басқару құрылғысы орнатылған. Бомбаны ұялы телефон арқылы іске қосқан.

Айта кетейік, Бостондағы лаңкестікке Солтүстік Кавказдың тумасы ағалы-інілі Царнаевтар айыпталуда. 2013 жылдың 15 сәуірінде Бостон марафонының мәре сызығында бірнеше жарылыс орын алып, 3 адам қаза тауып, 200-ден астамы жарақаттанған еді. Екі күннен кейін Массачусетс технологиялық институтында болған атыста Т. Царнаев ажал құшты. Сол күні оның інісі бой тасалап үлгерді. Терроршыны құрықтауға арнайы қызметтер жұмылды. Ол тек 20 сәуір күні ғана қолға түсті. Ауыр жарақаттанған Дж. Царнаев ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта ол түрмеде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

3 мамыр 2013, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.